Тақырыбы; "Шұбар тауық"
II - кішкентайлар тобы
Мақсаты: Балаларды ертегіні зейін қойып, аяғына дейін тыңдауға үйрету. Тәрбиешінің сұрақтарына анық жауап беруге, бірінің - бірі жауабын тыңдауға, өз - өздеріне сенімділікке, кейіпкерлерге деген мейірімділік, аяушылық сезімге тәрбиелеу. Белсенді сөздік қорларын, дамыту. Түстерді, геометриялық пішіндерді ажыратып, құрастыруға деген қызығушылықтарын арттыру.
1. Шаттық шеңбер
(Балалар шеңберге тұрады.)
Қуыр - қуыр, қуырмаш,
Балапанға бидай шаш.
Түлкі келсе есік бас,
Әжең келсе есік аш.
Бас бармақ, Балаң үйрек,
Ортан терек, Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Қуыр - қуыр, қуырмаш.,
Тауықтарға тары шаш.
Шеп - шеп - шеп.
- Балалар, ертегі тамашалағыларың келе ме?
(Балалардың назарын экранға аудару)
2. Ертегі: Шұбар тауық
3. Сөздік ойын: Кім тез жауап береді?
(Ертегі желісі бойынша сұрақтар беру)
- Қандай ертегі көрдіңдер? (Шұбар тауық)
- Шұбар тауық кімдердің үйінде тұрды? (Ата мен әженің үйінде тұрды)
- Шұбар тауық ата мен әжеге қандай жұмыртқа туып берді? (Алтын жұмыртқа)
- Жұмыртқаны не жарды? (Тышқан)
- Тышқан жұмыртқаны қалай жарды? (Құйрығымен қағып кетті)
4. Психологиялық гимнастика: Көңіл - күй
- Ата мен әже алтын жұмыртқаны көргенде қалай таңданды? (Таңдану)
- Алтын жұмыртқа жарылып қалғанда қалай ренжіді (Көңілсіз)
- Жай жұмыртқа туып бергенде қалай қуанды? (Қуану)
Қыт - қыттап Шұбар тауық келеді
Шұбар тауық: - Сәлеметсіңдер ме, балалар, қыт - қыт - қыт.
Балалар: - Сәлеметсіз бе!
Шұбар тауық: - Мені таныдыңдар ма?
Балалар: - Иә, таныдық, Шұбар тауықсың.
Шұбар тауық: - Мен сендерге ойындар әкелдім. Егер ойындарды дұрыс ойнасаңдар, менің мына жұмыртқаларым ашылады.
Тәрбиеші: - Шұбар тауық, біздің балалар ойын ойнағанды ұнатады.
5. Дидактикалық ойын: Суретті ретімен қойып, әңгімеле
( Шұбар тауық ертегісі бойынша бейнеленген суреттерді ретімен қойып, әңгімелеп береді
Тәрбиеші: (жұмыртқаны қолына алып ) – Ой, балалар, мына жұмыртқадан бір дауыс шығады – деп қолына алады. (Ішінен шиқылдап, балапан шығады)
Балалар: - Балапан. (балалар таңданады)
Шұбар тауық қыт - қыттап рахмет айтады.
6. Дидактикалық ойын: Геометриялық пішіндерді ата және сипатта
2 - ші жұмыртқа ашылып, балапан шығады.
7. Дидактикалық ойын: Балапанды пішіндерден құрастыр
3 - ші жұмыртқа ашылып, балапан шығады.
Дидактикалық ойын: Неше балапан, неше жұмыртқа (санау)
- Шұбар тауық: - Жарайсыңдар, балалар, жұмыртқаларымды ашуға көмектескендеріңе рахмет!
- Балалар: - Шұбар тауықпен бірге, ән айтып би билейік.
Ән Шөжелерім (музыкамен)
Шеп - шеп шеп - шеп шөжелерім,
Сары алтындай балапаным.
Тез жетіңдер жем беремін,
Дәнге толы алақаным.
Шұбар тауық: - Балалар, сендермен өте көңілді болды. Мен сендерге сыйлық ала келдім (сыйлық – киндер жұмыртқаларын балаларға таратады)
Мені атаммен әжем іздеп жүрген болар, мен енді үйге қайтайын, сау болыңдар балалар.