Жүктілік және бала босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі аяқталуына дейін жұмысқа шығуға менің құқығым бар ма?
Шыға алмайсыз, себебі, Сізге еңбекке жарамсыздық парағы Сіздің еңбекке жарамсыз және денсаулығыңызды қалпына келтіру үшін берiледi. Еңбекке жарамсыздық парағының өзі Сізді жұмыстан босатудың негізі болып табылады. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 113 - бабына сәйкес қызметкерге еңбекке жарамсыздық парағы негізінде күнтізбелік 126 күнге демалыс беріледі. Мерзімнен бұрын жұмысқа шығуды жұмыс беруші емес, дәрігерлік комиссия немесе дәрігер шешеді.