Картопты сорпаға турағандай төртбұрышты етіп тураңыз, сәбізді дөңгелектеп жұқалап тураңыз

Скачать

Тартылған ет пен күріштен жасалған сорпа (Суп с фрикадельками)
Ет (тартылған) – 400 грамм
Пияз – 250 грамм
Күріш – 100 грамм
Картоп – 400 грамм
Сәбіз – 2 бас
Лавр жапырағы – 1 жапырақ
Су – 2, 5 литр
Қара бұрыш (горошек) – 6 түйір
Тұз – 3 шай қасық
Жұмыртқа – 1 бас

Картопты, сәбізді, қабығынан ажыратып, тазалап жуып алыңыз. Картопты сорпаға турағандай төртбұрышты етіп тураңыз, сәбізді дөңгелектеп жұқалап тураңыз. Кастрөлге су құйып, картоп пен сәбізді салып отқа қойыңыз. Су қайнағанға дейін етті дайындаңыз. Қайнаған соң отты жай басып қойыңыз.
Етті еттартқыштан өткізіп алыңыз, пиязды майдалап тураңыз, күрішті жуып алыңыз. Ет, пияз, күріш, жұмыртқа, тұз, қара бұрыш барлығын араластырыңыз.
Сіз етті дайындап болғанша кастрөлдегі картоп езіліп кетпеуін қадағалаңыз.
Тартылған ет пен күріштен майда дөңгелектер жасап, қайнап тұрған картоп пен сәбіз үстіне салыңыз. Еттен дөңгелектер жасағанда қолыңызға жабыспас үшін қолыңызды сулап алыңыз. Сорпаның дәмі ерекше болуы үшін лавр жапырағы мен қара бұрыш түйірлерін салыңыз. Жай отта 15 - 20 минут пісіріңіз.

Асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Жадыра


Скачать


zharar.kz