Тақырыбы: Интеллектуалды ізденімпаз
Мақсаты :
Білімділік: Оқушының физика пәні бойынша білім сапасын және логикалық ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру
Дамытушылық: Оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыра отырып, іскерлі, ізденімпаз, интеллектуалды қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру
Тәрбиелік : Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершілігін жетілдіру,біліміне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктерге жетуіне тәрбиелеу
Пән аралық байланыс: математика, информатика, биология
Техникалық құралдар: Xplorer GLX құрылғысы, интерактивті тақта, компьютер, аktivote, activslaite, видеопроектор,флипчарт,презентациялар
Түрі: танымдық -ойын
Жүргізуші:
Ғалымдардың патшасы атанғансың
Архимед, Ньютон, Галилейден бата алғансың
Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән – физика атанғансың
Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан-жақты дамыған, зерек болуы заман талабы. Интеллетуалды ізденімпаз атты сайысқа 9 сыныптар қатысып, өз білімдерін сынайды
Мектебімізде болашағынан үміт артатын оқушыларымыз аз емес. Осындай оқушылар қатарында жүрген сайыскерлерімізді ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер (әр оқушыға қысқаша сипаттама)
1. Әр қашанда мектепте
Шығып жүрген жақсы аты
Үлгілі тәртіп, жақсы оқу
Раушанның бұл мақсаты - ортаға Акешова Раушанды шақырамыз
2. Шын жүйрік шабысынан танылады,
Бабы жетсе, бәйгеде бағы жанды
Білім менен өнердің сан қырлары
Айдананың бойынан табылады –ортаға Нұртаза Айдананы шақырамыз
3. Есеп десе, көздері оның нұр шашқан,
Жаралғандай білім үшін әу бастан.
Сабина да келіп қапты сайысқа,
Сымбаты мен сұлулығы жарасқан - ортаға Ғалымбек Сабинаны шақырамыз