Газдың қатты денелер мен сұйықтардан айырмашылығы

Скачать

Физика пәні 7 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Қысым тарауын қайталау. (слайдымен)
Сабақтың мақсаты: оқушылардың қысым тарауы бойынша білімін нақтылау.
Б) оқушылардың есте сақтау қабілетін, жедел ойлай білуін дамыту.
В) Оқушылардың бойында білім білік дағдыларын қалыптастыра отырып тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдар: компьютер арқылы слайд пайдалану.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру.
а оқушылардың сабаққа келуі туралы кезекші мәліметін тыңдау.
б оқушылар зейінін сабаққа аудару.
в оқушыларды сабаққа дайындау.
5 сұраққа жауап берсе бірінші деңгей.
10 сұраққа жауап берсе екінші деңгей.
15 сұраққа жауап берсе үшінші деңгей.

2. Жаңа сабаққа дайындық: а сабақтың тақырыбын хабарлау. б Ойын шартымен таныстыру.
3 - жеңілдігіміз бар.
1 - ші жеңілдік оқушылардың көмегі.
2 - ші жеңілдік 50 - де 50.
3 - ші жеңілдік кітаптан дәптерден қарап келу.
Ескерту: 1. Оқушылардың көмегіне сыныптағы барлық оқушылар қатысады.
А - жауабы қызыл.
Б - жауабы жасыл.
С - жауабы көк.
Д - жауабы сары. түстерге қарай отырып қай түс көп сол түске қарай келісетіндігін айтады.
2. 50 - де 50 - де екі жауап алынып тасталады. Екі қалған жауабының бірі таңдалады.
3. Оқулықты немесе дәптерде жазылған жауапты тез ашып көріп келеді. уақыт1 - минут .

3. Жаңа сабақ. А) Оқушыларға алғашқы сұрақ беріледі. 1 - ші слайд . Дұрыс әрі нақты жауап берген оқушы ортаға шығады. 2 - ші слайд дұрыс жауабы көрсетіледі.
б Сол оқушымен ойын жалғасады.
• Қосымша аты - жөні, қандай мамандық иесі болғысы келетіндігі және қандай пәндерді сүйіп оқитындығы сұралады.
• Бүгінгі сабаққа пікірі, достарына тілегі.
В) Қысым тарауы бойынша сұрақтар: 3, 4, 5............ слайдтар жиыны.
Сыныптағы барлық оқушылар алдындағы қызыл, жасыл, көк, сары, парақтар бойынша дұрыс жауабын көрсетіп отырады, оны арнайы адам параққа түсіріп отырады
Бағалау парағы бойынша барлық балалар бағаланады.
1. Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама.
А. күш.
С. аудан.
Б. масса.
Д. қысым.
2. Қысымның формуласы.
А. F=mg
C. p=F S.
Б. P=mg
Д. p=F*S
3. Халықаралық бірліктер жүйесіндегі қысымның өлшем бірлігі.
А. Н м.
С. кг м.
Б. Па.
Д. Н кг
4. 100м ауданға10 Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтаңдар.
А. 0, 01Па.
С. 1000Па.
Б. 10Па.
Д. 0, 1Па.
5. Газдың шар қабырғасына барлық бағытта бірдей қысым.............................
А. түсіреді.
С. түсіреді, түсірмейді.
Б. түсірмейді.
Д. түсіруі де, түсірмеуі де мүмкін.
6. Газдың қатты денелер мен сұйықтардан айырмашылығы.
А. көлемін алады.
С. ыдыс көлемін алып тұрады.
Б. тығыздығын алады.
Д. ыдыс тығыздығын алып тұрады.
7. Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар менгаздарда болатын қысым.
А. p=P S.
С. V=S*h.
Б. p=mg S.
Д. p=ρgh.
8. Жердің ауа қабығы.
А. атмосфера.
С. биосфера.
Б. гидросфера.
Д. литосфера.
9. Атмосфералық қысымның бірлігі.
А. Паскаль.
С. мм. сын. бағ.
Б. Ньютон.
Д. секунт.
10. Атмосфераның құрылысы қанша қабаттан тұрады.
А. 3.
С. 2.
Б. 5.
Д. 4.
11. Адамның қан айналым жүйесіндегі қысым қандай құралмен өлшенеді.
А. сфигмотанометр.
С. анероид.
Б. барометр.
Д. манометр.
12. Б. Э. Б. 287 - 212ж. ж өмір сүрген грек ғалымы.
А. Паскаль.
С. Аристотель.
Б. Торричилли.
Д. Архимед.
13. Егер дене сұйыққа толық батып, оның ішінде жүзіп жүрсе, онда денеге әрекет ететін ауырлық күші Архимед күшіне..................
А. тең.
С. тең емес.
Б. үлкен.
Д. кіші.
14. Сүттің майлылығын анықтайтын құрал.
А. ареометр.
С. манометр.
Б. лактометр.
Д. сфигмотанометр.
15. Кеменің суға бататын тереңдігі қалай аталады?.
А. шөгім.
С. ватерсызық.
Б. су ығыстырымы.
Д. трюмдар.
16. Сұйықтың еркін бетін қалай атайды?
Акапиллияр.
С. минск.
Б. капиллиярис.
Д. жұғу.
17. Қатты денелерге қысым сұйық пен газға берілгендей беріле ме?
А. Қатты денелерге қысым сұйықтар мен газдардағыдай беріледі.
Б. Қатты денеге қысым сұйықтарға берілгендей беріледі.
С. Қатты денеге қысым сұйықтар мен газдардағыдай берілмейді.
Д. Жауаптары арасында дұрысы жоқ.
4. Бекіту. Оқушылардың сабаққа қалай қатысқаны туралы және қандай тақырыпта тапсырмалардан қосымша көмек қажет екендігін айтып өтеді.
5. Бағалау. Оқушылардың жауаптарын түсірген бағалау парағы арқылы 1 - ші, 2 - ші, 3 - ші деңгей екендігін анықтап бағаларын қоюға болады.


Скачать


zharar.kz