Менің туған ауылым
Менің туған ауыл Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтың туған ауылы. Ауылдың орналасқан жерінің табиғаты өте бай. Айналасы 4 - 5 шақырымдай жерде биік - биік таулармен көмкерілген. Ауылдың екі жағынан арудың қос бұрымындай екі өзен ағады біреуі Қопа өзені, екіншісі Жарлы өзені. Біз жазда суға шомылып, күнге қыздырынамыз. Тауға шығып, жидек, қарақат тереміз. Біздің ауылдың тап ортасында екі қабатты үлкен мәдениет үйі ораналасқан. Атамның айтуына қарағанда бұл мәдениет үйін 1967 жылы Нұркен атамыздың анасы Бағжан апа және ұстазы С. Якимовтер салғызған екен. Мәдениет үйінің алдында Батыр атамызға арналған үлкен ескерткіші және мемориал бар.
Менің туған ауылымның көшелері түзу, әрі сәнді. Бірнеше сауда үйі және атақты академик, Әл – Фарабитанушы Ақжан Машани атындағы мешіт бар. Мешіттің атауы, яғни Ақжан атамыз біздің жерлесіміз әрі, мақтанышымыз. Жазғы спорт алаңдары салынған. Ауылымның сәніне айналған ғимарат ол менің мектебім. Үш қабатты зәулім мектеп ауылдың еңсесін көтеріп өзіне тартып тұрады.
Табиғаты мен мәдениеті жарасқан, маңайы мыңғырған малға толған, менің берекелі де, мерекелі туған ауылым осындай!
Туған жерім мекенім,
Есейіп сенде өсемін.
Білімнің шығып шыңына,
Самалың болып есемін.
№ 10 Нұркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
КММ - ның 3 сынып оқушысы Тұрар Инабат Есенболқызы
Жетекшісі: Нұрмағанбет Жібек Серікқызы
Шығарма: Менің туған ауылым жүктеу