Қатысатын оқушылар

Скачать

Тақырыбы: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Мақсаты: Оқушылардың нақты пәндер бойынша ой - өрісін, білімдерін кеңейту тереңдету. Өз ойын ашық жеткізе білу, қазақтың ұлттық салт - дәстүрлерімен таныстыру, озық ойлылыққа тәрбиелеу.
Қатысатын оқушылар--------------------------------
Сайыс 6 кезеңнен тұрады:
1. Бәйге
2. Кім жылдам?
3. Ия немесе Жоқ
4. Полиглот
5. Зерде
6. Дода

1 - кезең. Бәйге 10 сұрақ беріледі.
1. Қожа Ахмет кесенесі қай қалада? (Түркістан)
2. Жеті жарғыны шығарған хан? (Тәуке хан)
3. Қытай елінің астанасы (Бейжің, Пекин)
4. Қай жылы, қай күні Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жария болды? (1991ж. 16 желтоқсан)
5. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
6. Қазақстанның ең биік нүктесі? (Хантәңірі)
7. Білім таппай мақтанба... (Абай)
8. 8 ағасын іздеп шыққан ертегі? (Ер төстік)
9. Ең кіші натурал сан? (1)
10. Уақыт өлшемі? (минут)

2 - кезең. Кім жылдам? Карточка таңдап, ұлттық салт - дәстүрге байланысты сұраққа және берілген суреттерге жауап беруі керек.

3 - кезең. Ия немесе Жоқ .
Ия десең белгіні көтересің, Жоқ десең көтермейсің.
1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров пе? (Ия)
2. Ең биік тау Гималай ма? (Ия)
3. Ең үлкен мұхит үнді мұхит па? (Жоқ)
4. Ең ыстық материк Африка ма? (Ия)
5. Есік қаласында табылған Алтын адам сүйегін тапқан археолог Ақышев пе? (Ия)
6. Лондон Англияның астанасы ма? (Ия)
7. Анхель сарқырама атауы ма? (Ия)
8. Ең үлкен материк Азия ма? (Жоқ)
Осы сайыстан кейін біз 3 оқушымен қош айтысамыз.

4 - кезең. Полиглот
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қандай деңгейде білетіндіктерін тексеру үшін жұмбақ беріледі және сайыскерлер 3 тілде жауап беруі қажет.
1. Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. (кітап - книга - book)
2. Ұйықтайды түнде ұлы, күндіз қызы
Жүргенде білінбейді басқан ізі (күн мен ай - солнце и луна - sun and moon)
3. Суда жай жүрмейді,
Ауада өмір сүрмейді (балық - рыба - fish)
4. Ала жаздай май жинап,
Қыста ұйқыға кетеді.
Ал көктемде қайтадан,
Тіріліп тірлік етеді (аю - медведь - bear)
5. Дәу қара құс көрінді,
Көзінің жасы төгілді. (бұлт - облако - could)
6. Ай үстінде алтын тас,
Алайын десем табылмас (жұлдыз - звезда - star)
3 оқушымен қоштасамыз.

5 - кезең. Зерде. Ситуациялық сұрақтар қойылады.
1. Егер уақыт машинасы болса, қай жылға саяхаттап, қандай оқиғаны түзер едіңіз?
2. Қалаған үш елге тегін барып қыдырып келуге мүмкіндік болса, қай елге барған болар едіңіз?
3. Сіз әншісіз. Концертте үлкен сахнада ән айтып жатырсыз. Кенеттен құлап түстіңіз. Сіздің әрекетіңіз?
4. Егер Джин келіп үш тілегіңді айт десе, қандай тілек айтар едіңіз?
5. Сен әлі кәмелет жасқа толған жоқсың, бір күні әкеңнің машинасын рұқсатсыз айдап кеттің. Көшеден сені милиция ұстап алды. Не айтасың?


Скачать


zharar.kz