Психологиялық ахуал Өрмекші өрнегі әдісі бойынша оқушыларға бүгінгі сабақтарына сәттілік тілеу

Скачать

Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы,
Мирас көпбейінді мектеп - гимназиясы
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Калмаганбетова Гулайым Тастановна

Әдебиет 5 сынып
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Жақсы ат - жан серігі
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
1. БІЛІМДІК: Қ. Жұмаділовтің Қозыкүрең әңгімесінің негізгі тақырыбын, идеялық – көркемдік мазмұнын таниды.
2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: сыни тұрғыдан ойлай отырып, сөз байлығы молаяды, логикалық ойлау қабілеттері дамиды.
3. ТӘРБИЕЛІК: талдау барысында оқушы бойында туған жерге деген сүйіспеншілік, жылқы малының иесіне деген адалдығын таниды.
САБАҚТЫҢ ТҮРІ: пысықтау
САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: топтастыру, сұрақ - жауап, Кубизм стратегиясы
САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: кесте, үлестірмелі қағаздар, тірек сызба
САБАҚТЫҢ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ: әдебиет, әдеп, тарих
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
1. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
1. сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
2. оқушы зейінін сабаққа аудару
2. Психологиялық ахуал
Өрмекші өрнегі әдісі бойынша оқушыларға бүгінгі сабақтарына сәттілік тілеу
3. Топқа бөлу
(Жылқы малына қатысты атаулар бойынша бөлу).
1 - топ құлын (Зерттеңіздер)
2 - топ жабағы (Салыстырыңдар)
3 - топ тай (Суреттеңіздер)
4 - топ құнан (Саралаңыздар)
5 - топ дөнен (Қолданыңыз)
6 - топ бесті (Қолдаңыз, қарсы шығыңыз)
(Топтың басшысын сайлау, бағалау парағын тапсыру)
- Балалар, сендерге жылқы малының жасына қарай бөлінуін қосымша мәліметтерге сүйеніп, біліп келу тапсырылған еді. Бүгінгі өз топтарыңның атаулары жайлы не білесіңдер?
ЖАҢА САБАҚ
І ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ КЕЗЕҢІ
1. Топтастыру стр
Балалар, жылқы жайлы өз тұжырымдарыңды жазыңыздар


Скачать


zharar.kz