Атығай жалпы орта білім беретін мектеп
биология және химия пән мұғалімі
Алпысбаева Ляйла Мұхаметқалымқызы
Тақырыбы: Өкпенің құрылысы мен қызметі (слайд)
Мақсаты:
Білімділік: Тыныс алудың маңызы, дыбыс сіңірлері, тыныс алу қозғалыстары туралы таныстыру.
Дамытушылық: Ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндіктеріне сенуге, үлкен жетістіктерге ұмтылуға үйрету.
Тыныс алу жолдары
Тыныс алудың екі түрі
“Сыртқы” тыныс алу терминімен өкпеде болатын оттегі мен көміртегінің қос тотығының алмасу үрдісі белгіленеді. Ішкі тыныс алу деп организмнің тіндерінде болатын құбылысты атайды. Бұл үрдісте өкпеден жеткізілген оттегі жасушалар қызметін қолдау үшін көміртегінің қос тотығымен алмасады. Жасуша глюкоза сияқты қоректік заттарды ажырату барысында және көміртегінің қос тотығы пайда болады. Көміртегінің қос тотығы, яғни көмірқышқыл газы қанмен өкпеге жетеді, ал одан тыныс алу үрдісіне сыртқа шығарылады.
Өкпенің құрылысы
Өкпе кеуде қуысында орналасқан. Оң жақ өкпе үш бөліктен, сол жақ өкпе екі бөліктен тұрады.
Өкпенің сыртқы дөңес бетін қабырғалар қоршайды, ал ішкі, ойыс, жүрек жақ бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Өкпе қақпасы арқылы негізгі бронхылар, өкпе артериялары, жүйкелер кіріп, веналар мен лимфа тамырлары шығады.
Өкпе көптеген көпіршіктен – альвеолдардан тұратындықтан борпылдақ құрылысты.
Альвеолалар
Альвеолалар - эластикалық қасиеті бар қабырғалары өте жіңішке құрылымдар. Оларға ауа тыныс алу бронхиолдардың альвеола жолдары арқылы жетеді. Альвеолалардың ішкі беткейінде қанның ақ жасушалары болады. Оларды макрофагтар деп атайды. Олар бактерияларды, химиялық заттарды, шаңды жойып, заласыздандырады.