Ішкі ой
Қолын алдым ақын аға Әбілда,
Елу жасқа келген кезде алдыңда.
Бір топ ақын дүркіретті өлеңдер,
Қала алмады бала көңіл жадымда.
Бізде келдік сол елуге еңселі,
Сөз айтамыз көтеріп - ақ еңсені.
Жастық шақты жалт қаратып ойлантып,
Ей достарым, жолға салып көрші енді.
Тоқта, тоқта, сәл кідіріс, іркіліс,
Болу керек адамдарда сілкініс.
Өмір мынау қарбалас та, қапылыс,
Тұсау салу, шідер үзу бұлқыныс.
Біреулер жүр сөздер айтып жаттанды,
Амалдап жүр атақ алып мақтаулы.
Біреулер жүр анық басып ақырын,
Сырлы мінез, сымбат көңіл сақтаулы.
Мен өзіңе сыр айтайын алдыңда,
Құлагерге қамышыны салдырма.
Қиқу салып өз бәйгесін алсын бір,
Бәйге жолды жаралама, ор қылма.
Ақ тілектер бізге болсын сая - бақ,
Жар қабаққа келіп қаппыз таяп – ақ
жүрейінші жағалап
1970 ж