Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді көбейтуге есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Жай бөлшекті көбейтуді тез есептеудің жолдарын меңгере отырып, мәтінді есептеулерде қолдана білушілікке дағдыланады.
2. Дамытушылық:
Пәнге қызығушылығын ояту арқылы логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, өз бетінше еңбектендіре отырып, белсенділіктерін арттыру.
3. Тәрбиелік:
Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, жылдамдыққа тәрбиеленеді.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: презентация, тапсырмалар жазылған карточкалар, тест тапсырмалары, сабаққа қажетті сызбалары бар кестелер.
Оқытудың әдісі: сұрау - жауап, түсіндіру, есептер шығару
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу,
ә) оқушыларды түгендеу,
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) сабақтың мақсатымен таныстыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Слайд бойынша № 741 (жұп), № 743 (жұп), № 753 (1, 2) дұрыс жауаптарын тексеріп шығады.
ІІІ. Ой шақыру.
І топ: Квадрат қандай фигура?
ІІ топ: Сызбасын салыңыз.
ІІІ топ: Периметрін қалай анықтаймыз?
ІҮ топ: Ауданын қалай табамыз? (әр топтан бір оқушы шығады)
Ортақ талдау №753 (3)
ІҮ. Мағынаны тану. Кім тез есептеу жолын біледі?
№755 (тақ) Амалдарды орындау:
(3 4+1 20)∙1 2;
(7 3 5 - 2 4 15)∙9 32;
(5 1 2+2 3 5)∙5 9;
№755 мен №756 есептің айырмашылықтары неде?
№756 (есептің берілгеніне қалап қалай есептеу керек деп ойлайсыздар?)
1) 5 6∙9 15 - 5 12∙4 15;
2) 9 20∙2 3+5 14∙7 25;
3) 2 2 5∙5 6 - 3 4∙1 2 3;
№763
Мойынты мен Шу станцияларынан екі поезд бір - біріне қарама – қарсы жүріп, 3 сағаттан соң кездесті. Мойынтыдан шыққан поездің жылдамдығы 761 4км сағ, ал Шу станциясынан шыққан поездың жылдамдығы одан 31 2 км сағ кем. Мойынты мен Шу станцияларының арақашықтығын есептеңдер.
Ү. Сергіту сәті: Алақан
Ақ парақ, қалам аламыз. Әр топ мүшесі ақ параққа өз қолымыздың бейнесін түсіреміз. Осын салынған алақанның ортасына өз есімімізді жазамызда, көршімізге береміз. Көршісі бір саусағына алақан иесінің 1 не 2 жақсы қасиетін жазады. Одан кейін алақан иесінің көршісі келесі көршісіне береді. Алақан өз иесін тапқанша бір - бірімізге береміз.