Сөздерге жалғанған жұрнақ пен жалғауды белгіле

Скачать

Тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау
Мақсаты: Жұрнақ пен жалғау туралы білімдерін пысықтау.
Міндеттері:
1. Жұрнақ пен жалғау туралы білімдері пысықталады.
2. Жұрнақ пен жалғауды ажырата білуге жаттығады.
3. Сауатты, көркем жазуға және өмірмен байланыстыра оқытуға тәрбиеленеді
Сабақтың типі: қорытындылау сабағы.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Көрнекілігі: қимақағаздар, суреттер
Техникалық жабдық: интерактивті тақта.
Сабақта қолданылатын әдістер: іздендіру, шығармашылық, сұрақ - жауап
Ұйымдастыру бөлімі
а) психологиялық жаттығу
- лар,- лар,- лар
Келе жатыр балалар,
- лар,- лар,- лар
Қарқылдайды қарғалар.
- лар,- лар,- лар
Қандай мықты ағалар

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
4 - жаттығу
Жамбыл - қазақ..... ақын...
Айжан әже........ ауыл.... тұрады.
Арман қала.... кетті.
Үсен ара.... ағаш кесті.
Көркем жазу
Жж Жж
Жұрнақ жұрнақ
Жалғау жалғау
"Қар лақтыру" ойыны
Ойын ережесімен таныстырып өтемін.
Түбір дегеніміз не?
- Түбірге қосылған бөлігі қалай аталады?
- Жұрнақ дегеніміз не?
- Жалғау дегеніміз не?
Өткен сабақты бекіту

ІІІ. Жаңа сабақ
Шаңғы тебу ойыны
Ойын ережелерімен таныстырып өтемін.

Дәптерімізді ашып, күннің жадынын жазамыз.
Жұрнақ пен жалғау
Оқулық пен жұмыс
1 - жаттығу. Мақалды көшіріп жаз. Сөздерге жалғанған жұрнақ пен жалғауды белгіле.
Мына сөздерге жұрнақты қалай жалғаймыз:

"Шана мен сырғанау" ойыны
Ойын ережесімен таныстырып өтемін.
2 - жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлеңдегі жұрнақ, жалғау жалғанған сөздерді теріп жазып, белгіле.

" Аққала құрастыру" ойыны
Ойын шарттарымен таныстырамын.
Сөз құрамына талда:
құрылысшы отыншы үйлердің дәрігер аспаз балаға

"Коньки тебу" ойыны
Ойын шартымен таныстырылады.
4 - жаттығу. (139 - бет)
Мақалды көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай белгіле.

Сабақты қорытындылау
"Хоккей" ойыны
ойын ережелерін таныстырып өтемін.
1. Берілген сөзді құрамына қарай ажыратып, дұрыс жауапты белгілеңдер.
БАЛЫҚ
*а) Түбір сөз
ә) Қосымшалы сөз
Берілген сөзді құрамына қарай ажыратып, дұрыс жауапты белгіле.
ОҚУШЫ
а) Түбір сөз
*ә) Қосымшалы сөз
3. Берілген сөздің қосымшасын түріне қарай ажыратып, дұрыс жауапты белгілеңдер.
ДОСТАР
а) Жұрнақ
*ә) Жалғау
4. Берілген сөздің қосымшасын түріне қарай ажыратып, дұрыс жауапты белгілеңдер.
ТІЛШІ
*а) Жұрнақ
ә) Жалғау
Үйге тапсырма: 5 - жаттығу (139 - бет) Ереже жаттауға.
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.


Скачать


zharar.kz