8 - сынып (презентациясымен)
Сабақтың тақырыбы: Қаңқа бөлімдері
Сабақтың мақсаты: Адам қаңқасының түрлері, олардың құрылысы мен атқаратын қызметі меңгерту.
Сабақтың міндеті: Адам қаңқасының түрлері, олардың құрылысы мен атқаратын қызметі меңгерту.
Білімділігі: Қаңқаның түрлері мен атқаратын қызметімен танысу.
Дамытушылығы: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып дағды мен іскерлігін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды сымбаттылыққа, партаға дұрыс отырып қалыптастыруға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Қаңқа, интерактивті тақта, қаңқа бөлімдері.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, ой қозғау, деңгейлік тапсырмалар, тест, биологиялық диктант.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі
I. Ой қозғау
1. Егер науқастың зәрінде қанттың мөлшері көп болса, қандай жорамал айтуға болады?
2. Жас ұлғайған кезде дененің кейбір бөліктерінің қол, аяқ басы, төменгі жақ сүйек, мұрын, иектердің өсуіне байланысты акромегалия ауруына ұшырайды. Себебін түсіндір?
3. Мына жәшіктегі аса маңызды өсімдік. Отаны Оңтүстік Америка. Сабағы, жапырағы, жемісі улы болғандықтан жануарлар сүйіп жемейді. Крахмалды өсімдік халқымыз екінші нан деп атаған?
II Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың жоспары.
1. Тірек - қимыл жүйесінің маңызы.
2. Бас қаңқасы
3. Дене қаңқасы.
4. Кеуде қуысы.
5. Иық белдеуі.
6. Жамбас белдеуі.
Жаңа материал интерактивті тақтамен, көрнекіліктермен түсіндіріледі.
III. Ой қорыту.
1. Адамның омыртқа жотасы неше иілімнен тұрады.
А) 1 Ә) 2 Б) 3 В) 4
2. Адамның омыртқа жотасы қанша омыртқадан тұрады.
А) 33 - 34 Ә) 32 - 35 Б) 33 - 36 В) 33 - 37
3. Адам қаңқасында шамамен қанша сүйек бар?
А) 220 Ә) 200 Б) 250 В) 240
4. Сүйектердің бір - бірімен дәнекер ұлпасымен немесе шеміршекпен байланысы қалай аталады?
А) тұтасу. Ә) жалғасу. Б) оралу. В) іліну.
5. Кеуденің сыртқы жағынан орналасқан жалпақ ұшбұрышты сүйек қалай аталады?
А) Қабырға. Ә) Төс. Б) Жауырын. В) Жамбас.
6. Ұзын сүйекті табыңыз?
А) Жілік. Ә) Қабырға. Б) Омыртқа. В) Жамбас
7. Мойын омыртқа саны?
А) 8 Ә) 10 Б) 5 В) 7
8. Бастың жұп сүйектері
А) Төбе Ә) Маңдай. Б) Шүйде. В) Самай.
9. Иық белдеуіне жататын сүйектер?
А) Қабырға. Ә) Бұғана. Б) Жауырын. В) Омыртқа.
10. Қозғалмайтын сүйектер?
А) Бас сүйегі Ә) Аяқ - қол сүйегі Б) Жамбас сүйегі В) Қабырға сүйегі
Сұрақ - жауап:
1. Адам қаңқасы неше жасқа дейін өседі? (22 - 25)
2. Адамдағы қабырға саны нешеу? (12 жұп)
3. Сегізкөз қай омыртқаға жалғасады? (Бел)
4. Адам қаңқасы неше сүйектен құралған? (200)
5. Ортан жілік қанша тонно жүк көтере алады? (1300кг)
6. Сүйек қандай ұлпалардан түрады? (Дәнекер)
IV Білгің келсе.
Сколиоз – омыртқаның бүйір жаққа қисаюы.
Лордоз – омыртқаның алға қисаюы.
Кифоз – омыртқаның артқа қисаюы.
V Деңгейлік тапсырмалар.
1 - деңгей
1. Дыбыс тербелістері есту мүшелеріне қалай беріледі.
2. Көздің құрылысы және атқаратын қызметі.
3. Дәм сезудің адам өміріндегі маңызы.
2 - деңгей
1. Құтшалар мен таяқшалар дегеніміз не?
2. Бұлшықет сезімі кімдер үшін маңызды
3. Адам үшін иіс сезу мен дәм сезудің маңызы қандай?
3 - деңгей
Биологиялық диктант
Қаңқа сүйектерден және олардың......... тұрады. Ол біздің денемізге.........., болып,............ сақтайды,.......... және........... қызметін атқарады,.......... қатысады. Қаңқа.............,............,.........., болып бөлінеді
VI
Сан берген, сана берген, санат берген,
Инсан деп саналыға ол ат берген.
Жаратып барша әлемді жалғыз нұрдан,
Жауһари нұр сәулесін тарат деген. ( Әл - Фараби )
1. Жасушаның құрамында қандай кенеулі заттар бар?
2. Бас сүйек неше бөліктен тұрады?
3. Адам организімі қандай ұлпалардан тұрады?
4. Қазақ халқында төрт саны туралы қандай мақалды білесіздер?
5. Адам баласының мінезі неше түрлі болады?
6. Адам жүрегі неше бөліктен тұрады?
7. Омыртқа жотасы неше бөліктен тұрады?
8. Адам қаны неше топқа бөлінеді?
9. Баланың миы неше жастан бастап жақсы жұмыс жасайды?
10. Қазақ халқы тегінде неше түрлі мал асыраған?
11. Пайғамбарымыз Мұхаммед білім алудың қанша жолын нұсқаған?
VII Кубизм әдіс
1. Зерттеңіз
- адам қаңқасының бөлімдері
- сүйектің байланысы, буындар
- бұлшықеттің маңызы
2. Салыстырыңыз
- сүйектің құрылысы
- бұлшықеттің құрылысы
3. Суреттеңіз
- қол және аяқ сүйектерінің айырмашылығы
VIII Миға шабуыл әдісі
1. Сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдем 2. Сүйек аурулары туралы не білесіңдер?
IX Шыңға шығу әдісі
А нүктесінің сұрақтары:
1. Кеуде қуысында жүрек, өкпе, кеңірдек, өңеш, қан тамырлары, лимфа жолдары болады.
2. Ең үлкен табын сүйегі – Өкше
3. Иық белдеуін түзетін сүйектер: Бұғана, жауырын
4. Сүйектің құрамы: Органикалық, бейорганикалық
5. Сүйектәі өсуі, жуандауы қандай бездің гормонына байланысты? Қалқанша без
6. Қандай дәрумен мөлшері көп болса, сүйектің өсуі бұзылады? А
Ә нүктесінің сұрақтары
1. Қаңқадағы жалпақ сүйектер. Бас сүйек, жамбас, кеуде қуысындағы қабырға, жауырын, самай, бет, жақ
2. Қозғалмалы сүйектер: Омыртқа жотасы, қол - аяқ, иық, кеуде.
3. Қаңқа мен бұлшықеттен құралған жүйе: Тірек – қимыл
4. Ең көп қимылдайтын бұлшықет. Көздің қабақ бұлшықеті
5. Ең икемді бұлшықет. Тіл
6. Омыртқа жотасы неше жерден иіледі? 4
X. 5 жолды өлең әдісі
1. Зат есім. ---- Сүйек
2. Етістік ------- Қозғалу
3. Сын есім ---- Берік
4. Сөйлем ----- Сүйек қаңқаны түзеді
5. Синоним ---- Қаңқа
Денсаулық сақтау керек. Денсаулық – зор байлық.
Ауырмау
XI. ББҚ кестесі
XII. Үйге тапсырма
Сымбаттылық – сұлулық тақырыбына эссе жазу.
XIII Қосымша материалдармен жұмыс.
Бас екеу болмай, мал екеу болмайды.
Тіл сүйектен өтеді.
Өнершінің қолы алтын, шешеннің сөзі алтын.
Басы жұмыс жасамаған адамның, екі аяғына күш түседі. Отыз екі тістен шыққан сөз, отыз екі елге тарайды.
XIV. Үйге тапсырма беру
XV. Оқушыларды бағалау