Ертегі мазмұнын түсіндіру, басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білуді үйрету

Скачать

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оразалина Әсия Кабиденқызы

Қазақ әдебиеті 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Керқұла атты Кендебай ертегісі
Жалпы мақсаты: а) Ертегі мазмұнын түсіндіру, басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білуді үйрету. Кендебай бойындағы адами қасиеттерді нақтылап ашу.
ә) Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өзіндік пікір айту, ауызекі сөйлеу тілі мәдениетін, актерлік шеберліктерін дамыту.
б) Кендебай мінезін ашу арқылы адамгершілікке, қамқор да мейірімді, адал да қарапайым болуға, айналасындағы адамдарға қол ұшын бере білу.
Оқып - үйренудің нәтижесі: 1. Рөлді сомдап үйренеді; 2. Шығармашылықпен жұмыс жасайды; 3. Өз ойын нақты айтуды үйренеді; 4. Кейіпкердің іс - әрекетіне баға бере біледі; 5. Бір - біріне сұрақ қояды; 6. Ой қорытады; 7. Пікірлерін айтады; 8. Ұжымдасып еңбек етуді үйренеді.

Сабақ кезеңдері
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасын құрастырамын, Жүректен жүрекке тренингін өткіземін.
Топқа бөлу
Оқушылардың ынтымақтастық ортасына қарай түстерін алып оқушылоарды төрт топқа бөлемін
Үй тапсырмасына шолу жасау
Ер Төстік ертегісі бойынша сұрақтар құрастырып, әр топтан жауап аламын.

Негізгі бөлім
Интербелсенді тақтадағы эпиграфты оқып, жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырамн. Ертегінің мазмұнын оқушылармен талдаймыз, мазмұндаймыз. Мәтіннің үзіндісі бойынша ақпарпт - карточка арқылы көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мазмұнын толықтырамыз.
Пікірталас
Әр топқа берілген тапсырмаларды айтамын, қалай орындалу керектігін түсіндіремін
Ой толғаныс
Тақырыпқа байланысты тест сұрақтарын таратамын
Рефлексия
Рефлексияға берілген Не ұнады? , Не ұнаған жоқ? сұрақтарына жауап беретіндерін айтып, сары (3), жасыл (4), қызыл (5) стикерлерін таратамын
Бағалау
Үйге тапсырма
Керқұла атты Кендебай ертегісін оқып, ондағы мақалдар мен мәтелдерді көшіріп жазып келу, ертегіні мазмұндау керектігін айтамын.

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz