Мейоздық телофазада

Скачать

47 - вариант
БИОЛОГИЯ

1. 6 - 10 см тереңдікте себілетін тұқым:
A) Жүгері.
B) Сәбіз.
C) Қызан.
D) Пияз.
E) Аскөк.
2. Ұшатын сүтқоректі:
A) Жарқанат.
B) Қасқыр.
C) Көртышқан.
D) Қосаяқ.
E) Кірпі.
3. Қызылшаның тамыр жүйесі:
A) Шашақ тамыр.
B) Жіпше тамыр.
C) Қосалқы тамыр.
D) Жем тамыр.
E) Жанама тамыр.
4. Жабайы орам жапырақтың отаны:
A) Орталық Америка орталығы.
B) Шығыс Азиялық орталық.
C) Оңтүстік Америка орталығы.
D) Абиссинаның орталығы.
E) Жерорта теңіз орталығы.
5. Күлтенің қызметі:
A) Бунақденелілерді еліктіру.
B) Қор заттарын жинау.
C) Бөліну.
D) Су мен минерал заттарды сіңіру.
E) Органикалық зат түзу.
6. Асқынғанда жөтеліп қан түкіретін жұқпалы ауру:
A) гайморит
B) трахеит
C) ларингит
D) силикоз
E) туберкулез
7. Қан бұл... ұлпа.
A) эпителий
B) нерв
C) дәнекер
D) бұлшық ет
E) көлденең жолақты
8. Өсімдіктің азот жинақтаушы - түйнек бактериялары орналасқан орны:
A) Тұқымда.
B) Жапырақта.
C) Жемісте.
D) Тамырда.
E) Сабақта.
9. Жүйке жасушасының қысқа өсіндісі:
A) Түйін.
B) Аксон.
C) Нейрон.
D) Жүйке.
E) Дендрит.
10. Қозықұйрықтың боз арамқұлақтан ерекшелігі:
A) Негізінен топ - топ болып өседі.
B) Қалпақшасының асты қызғылт түсті, түбіртегінде сақинасы болмайды.
C) Қалпақшасының асты ақшыл - жасыл түсті.
D) Түбіртегі жіңішке, ұзын, түбіртегінде сақинасы бар.
E) Жемісті денесі жер бетіне күзде дамиды.
11. Тұмаумен ауырғанда микроорганизмдердің әсерінен құлақтың қабынатын бөлімі -
A) Сыртқы құлақ.
B) Есту түтігі.
C) Ортаңғы құлақ.
D) Ішкі құлақ.
E) Есту сүйектері.
12. Дисахаридтерге жататын
A) Галактоза
B) Глюкоза
C) Пентоза
D) Сахароза
E) Рибоза
13. Ағзаның жаңа белгілерге ие болу қасиеті:
A) дамуы
B) тітіркенгіштігі
C) көбеюі
D) тұқым қуалауы
E) өзгергіштігі
14. Қанда глюкозаның үнемі болуын реттейтін без
A) Гипофиз
B) Қалқанша без
C) Ұйқы безі
D) Бүйрек үсті безі
E) Бауыр
15. Ағзалардың ұрықтан дамуын зерттейтін ғылым:
A) биогеография
B) салыстырмалы анатомия
C) палеонтология
D) биогенетика
E) эмбриология
16. Адамда болатын сорғыш құрттың тудыратын ауруы:
A) Іш өту.
B) Описторхоз.
C) Ішек.
D) Тері.
E) Қышыма.
17. Ақуызға (нәруызға) жатпайтын күрделі зат:
A) фермент
B) өт
C) гормон
D) глюкоза
E) токсин
18. Жамбас қуысында орналасқан құты тәрізді ұрық дамитын жер …
A) жатыр
B) қынап
C) үрпі
D) жатыр мойны
E) қағанақ
19. Хроматофоры тостаған пішінді балдыр:
A) Улотрикс.
B) Ламинария.
C) Хлорелла.
D) Спирогира.
E) Хламидомонада.
20. Шаянның көбею түрі:
A) Дернәсіл арқылы.
B) Уылдырық шашады.
C) Бүршіктену.
D) Жұмыртқа салу.
E) Тірі туады.
21. Ас қорыту сөлін бөлетін жасуша:
A) Қалақай.
B) Тері – бұлшықет.
C) Сезімтал.
D) Безді.
E) Атпа.
22. Сифоны бар жәндіктер:
A) Ұлу.
B) Айқұлақ.
C) Шаян.
D) Шұбалшаң.
E) Нереида.
23. Жануардағы жоғары дәрежелі жүйке жүйесінің мінез - құлық физиологиялық негізін қалаушы ғалым:
A) Л. Пастер
B) И. М. Сеченов
C) Н. И. Пирогов
D) И. П. Павлов
E) В. В. Парин
24. Жалпақтабандылықтың пайда болу себебі:
A) бір жерде көп отырғандықтан
B) көп уақыт жатқандықтан
C) тар аяқ киім кигендіктен
D) спортпен шұғылданудан
E) көп жүгіргендіктен
25. Гомологтық хромосоманың конъюгациялануының жүретін фазасы:
A) Мейоздық метафазада.
B) Мейоздық анафазада.
C) Мейоздық профазада.
D) Мейоздық телофазада.
E) Мейоздық интерфазада.
26. Синантроптың қаңқа қалдығы табылған жер -
A) Азия.
B) Пекин.
C) Австралия.
D) Германия.
E) Европа.
27. Бір түр дараларының екінші түр дараларына жемтік болуы:
A) Жыртқыштық.
B) Бәсекелестік.
C) Селбесу.
D) Арамтамақтық.
E) Паразиттік.
28. Жасуша ядросы:
A) жасушаның бөлінуіне қатысады
B) қоректік заттардың қорға жинайды
C) қорғаныш қызметін атқарады
D) жасушаға пішін береді
E) қоректік заттардың қозғалуын қамтамасыз етеді
29. Капуста ақ көбелігінің, қысқы тыныштық күйі:
A) Жұмыртқа күйінде
B) Жұмыртқа және жұлдыз құрт
C) Қуыршақ сатысында
D) Ересек күйінде
E) Тек жұлдыз құрт сатысында
30. Көміртегінің топырақта жинақталуы -
A) Кальций карбонаты түрінде.
B) Органикалық қосылыстар түрінде.
C) Көмірқышқыл газы түрінде.
D) Көмір түрінде.
E) Шөгінді массалар түрінде.



20-40 дейін вариант қарау


Скачать


zharar.kz