Біреу уайымшыл, шаршағыш

Скачать

АДАМДАР ТУРАЛЫ ОЙЛАНСАМ
Көңіл жабық болса,
Ашық есіктен не пайда?
Сәулембай Жұманұлының сөзі
АДАМДАР ТУРАЛЫ ОЙЛАНСАМ, жер бетінде қанша жан болса, сонша ой, сонша мінез қалыптасады. Айналаңдағы араласып жүргендердің өзі бір - біріне ұқсамайды - ау...
Кейбір жандар тұйық. Қанша сұрақ қойсаң да мардымды жауап ала алмайсың.
Кейбірі бүгін бітірер ісін ертеңге қалдырып, одан кейінге ысырып, шалқасынан жатқанына мәз.
Кейбір жан біреу жақсылық етсе ғана көмектесіп, басқаша жағдайда бас сұққысы келмейді...
Біреу өзгенің алған затын, істеген ісін күндеумен әуре. Өзі түк бітірмей, өзгенің тірлігіне іші тарылып, шаршап жүргені - ай...
Біреу бәріне үлгермекші болып асығып - аптығып өзін ғана білімпаз санап, ақыл айтып жүреді. Айналасындағыларды асықтырып, берекесін алады.
Ал, енді біреу қиындыққа қарсы тұра алмайтын төзімсіз келеді. Басына түскен қайғыға шыдай алмай өзін тастап жібереді. Мұңды басамын деп ішіп те кетеді...
Біреу уайымшыл, шаршағыш. Ананы қайтем, мынаны қайтем деп жоқ уайымды тауып алады.
Бір күні бір кісі даладан енді қайтеміз, ойпырмай - а... деп түрі бұзылып кірді. Іштегі отырғанның бәрі әбіржіп қалды. Бір ауыр қайғы - қасіретке тап болды ма екен деп таңырқап қарап отырмыз. Сөйтсек, дала суып кеткеніне, қайта - қайта қар жауғанына шыдамағаны екен.
Біреу қайсар - айтқанынан қайтпайды. Онымен дауласа да алмайсың. Айттым – бітті - деп отырады. Ешбір сөзіңе көнбейді, ақылыңды тыңдамайды.
Біреу шарт-пұрт, сәл нәрсеге найзағайдай шатынап, жұдырығын ала жөнеледі...
Біреу ақ көңіл, аңқылдап тұрады. Іштегі ойын жасыра алмайды. Қолдағы барын аямайды, бере салады. Арсын - гүрсін. Адамдарды қонақ еткісі, күткісі келіп тұрады. Ал жылы сөз ести қалса, балаша қуанады, қандай да қуанышын жууға дайын.
Бәрінен де сабырлы да парасатты болып, қажет кезінде әзіл - қалжыңнан да қашпай, өзін сергек те іскер сезініп жүргенге не жетсін! Ізгілікті адамның жүзіндегі жылы жымиыс қандай әдемі!
Қиындыққа еңсең түспей, өзгеге де шуақты пейіліңді арнап, өз биігіңде қалғанының орны бөлек қой шіркін!
Адамдар сендер бақытты болыңдаршы!
Әкім Ысқақтың Жүректегі жазулар Күнделік эссесінен
Толық нұсқасын қарау


Скачать


zharar.kz