Жымию Дауыс ырғағын қалыптастыруға арналған жаттығу түрлері

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Р дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру.
Сабақтың мақсаты: Р дыбысын жеке, буында, сөзде, сөз тіркесінде, сөйлемде анық айтуға машықтандыру.
Р дыбысын басқа буын, сөз, сөйлем ішінде дұрыс ажырата білуге үйрету. Фонематикалық қабылдауын дамыту, ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: топтық
Көрнекілігі: Р дыбысының артикуляциясы, артикуляциялық жаттығулар, слайд, түрлі суреттер, тапсырмалар.

І Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларды сабаққа дайындау.
Тыныс алу жаттығулары,
Батбырауық ұшырамыз (батбырауықтар түрлі түсті, оқушылар түстерін өздері таңдайды). Алақанымызды жылытамыз (Бір деммен жылы ауаны үрлеу.)
Мимикалық гимнастика
Көзімізді ашып – жұмамыз (қатты – жай);
Ернімізді түтікше тәрізді алға созамыз;
Жымию
Дауыс ырғағын қалыптастыруға арналған жаттығу түрлері ...........
А – а - а У - у – у – у
О - о – о – о И – и – и - и
ІІ Негізгі бөлім
Оқушылар біз бүгінгі сабағымызға келген сиқырлы пойыздың тапсырмаларын орындап, вагондарды ашамыз.

І Вагон:
Қай әріп екенін айтыңдар.
Райханда өлең жаттады
Раушан да өлең жаттады
Қай әріптен басталады
Екеуінің аттары Р
Р дыбысының артикуляциясы
Алдымен ”Р” дыбысының артикуляциясына назар аударамыз.
- ерін аздап дөңгелентіп тұрады.
- жоғарғы төменгі тістер арасы алшақ келеді
- тілдің ұшы қатты таңдайға көтеріледі
- тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді.
- тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады.
- жұмсақ таңдай көтеріңкі жұтқыншақтың артқы қабырғасына жабысып, ауаның мұрын қуысына өту жағын жауып тұрады.
- дауыс шымылдықтары қатайып, бір - біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығады.
- ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді.

ІІ Вагон. Р дыбысын дұрыс айту. Слайд
Трактор қалай жүреді?
ЫР – ЫР - ЫР - ЫР - ЫР

Р дыбысын дұрыс айт, анық айт.
Ра – ра – ра Ра – ра – ра Сара
Ры – ры – ры Ры – ры – ры Тары
Ру - ру – ру Ру - ру – ру Сору

ІІІ Вагон.
Дәптермен жұмыс.
Тапсырма: Буындардан сөз құра
Қа, ра, да, за, ра, ты, ар, па, са, ры, ра, зы.

Артық суретті көрсет
Алмұрт, Қияр, Қарбыз, Қоян
[Р] дыбысы бар суреттерді көрсетіп, буынға бөл.

Қол саусақтарына арналған жаттығулар:
а) қағазды жаймалау - алақанмен, жұдырықпен, сұқ саусақпен
б) саусақтармен қоян, қайшы, ит, көзілдірік.

ІV Вагон Көңілді тіл туралы ертегі
- Ал енді айнаға қарап Көңілді тіл туралы ертегіні есімізге түсіріп, артикуляциялық жаттығуларды орындайық.
- Көңілді тіл өзінің үйшігінде тұрып жатады. Ол қандай үй?
- Дұрыс, ол - ауыз. Ол үйдің есігі ашылып – жабылып тұрады.
- Көрсетейік, қалай ашылып - жабылады?
- Тіл үйінде отыра алмайды. Далаға шығады. Тілді есік алдына шығарайық.
- Міне, ол күнге шығып, жылынып жатыр.( Күрекше - жалпақ тіл астыңғы ерінде)
- Айналаға қарайды ( Сағат )
- Аздап жел соқты. Тіл тоңып кетіп үйіне кірді. Үйіне кіріп үстіңгі тістерін тазалады. Әжесінің тәтті қайнатпасымен шай ішті кесеге құйып ( Кесе )
- Төменгі, жоғарғы ерінге тәтті қайнатпа тиіп қалған, оны тазалады.( Тәтті шырын )
- Шай ішіп болып, атасында далаға барғысы келді. Ол үшін атқа мінді. ( Ат шауып келеді )
- Кел жатып Саңырау құлақтарды терді. Көңілді тіл шаршап, үйшігіне келіп ұйықтады.
Ат шауып келеді Тәтті шырын Кесе

Қорытынды: Бүгінгі өткен сабағымызды қорытындылаймыз.
Алфавиттік жұмбақтарды шешіңдер.
Қарда бар,
Мұзда жоқ
Жарда бар,
Құзда жоқ. Р

Дәптерде бар,
Кітапта жоқ.
Пәтерде бар,
Үйде жоқ. Р

Қырқада бар, қырда бар,
Айранда бар, сүтте жоқ. Р
Тақпақты оқы.

Үйге тапсырма.


Скачать


zharar.kz