Тәуелсіздік жыр - шашу

Скачать

Тақырыбы: Тәуелсіздікті жырлайық
Мақсаты: а) Оқушыларға қазақ халқының басынан өткен қиын кезеңдерді, тарихи шежірелерді;
ә) Елінің егемендігі жолында халқы үшін өмірін құрбан еткен батырлардың ерлік істерін;
б) Ел қорғауды үйрете отырып, патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Батырлардың суреттері, желтоқсан құрбандарының суреттері мен тізімі ілінген тақта, желтоқсан оқиғасы жайлы деректі фильм, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, плакаттар:
Ел қуатты болмай, қуаныш тұрақты болмайды .
Тәуелсіз елдің - тұғыры биік .
Бағдарламасы:
1 - бөлім: Тәуелсіздік жыр - шашу.
2 - бөлім: Тәуелсіздік жолындағы күрес.
3 - бөлім: Тәуелсіз Қазақстаным.
Барысы:
Кіріспе бөлім:
Мұғалім: Балалар! Міне, көптен күткен тәуелсіздік мерекесі де келіп жетті. Бұл мереке ерекше, біз тәуелсіздігіміздің мүшел жасқа толғанын тойлағалы отырмыз. Қазақ халқында, өздерін білесіңдер мүшел той деген үлкен мәнге ие. Біз сіздерге осы тәуелсіздік мерекесіне арналған
Тәуелсіздікті жырлайық атты концерттік бағдарламамызды бастайық

I. Негізгі бөлім. Жыр шашу
1 - бастаушы: Құрметті көрермендер, ендігі кезекте біз бүгінгі тәуелсіздік мерекесіне арнап, сіздерге ақын ағамыз Тынышбай Рахымның өлеңін оқып берейік.
1 - оқушы:
Тәуелсіздік атып көкке телпегін,
Шаттанған жоқ, мақтанған жоқ ел телпегін,
Қазағымның толғайын бір, сомдайын
Өткенін де, бүгінін де ертеңін
2 - оқушы:
Бүгін асқар Алатаудай алыппыз,
Атыраудай терең түйсік - парықпыз
Тағдырының тауқыметін арқалап,
Талай заман сор қайнаған халықпыз.
3 - оқушы:
Кең болғанда кем болмауды ойлап біз,
Ұлан байтақ сахараны жайлаппыз.
Соғыс жылы мылтық үнін естімей,
Бейбіт күнде бомба жарған Аймақпыз.
4 - оқушы:
Кеше нұрлы, бүгін мұңлы даламыз,
Өлсек те осы Даламызда қаламыз.
Ана тілі енді шыққан Ұрпақтан,
Үміт күткен әкеміз бен анамыз.
5 - оқушы:
Ұлттық намыс бастау көзін ашқан – Біз,
Халқымызбен, салтымызбен асқармыз
Сексен алты Желтоқсанын жаңғыртып,
Қазақ... - деген Азат... деген Жастармыз.
6 - оқушы:
Еңселенген Ақ Ордамыз, бақ - үйіміз,
Болашақтан бақыт кейпін танимыз.
Алақанын Күнге соза талпынып,
Өсіп келе жатқан бейқам Сәбиміз.
7 - оқушы:
Құзырына қол сұқпаймыз көптің біз,
Тұнжыраған түн емеспіз, тек Күнбіз.
Елдігіміз кең әлемге танылып,
Желбіреген аспан түстес Көк Тумыз.
8 - оқушы:
Талай зұлмат сорды бастан кештік біз,
Момын елміз, момын жерде өстік біз.
Ақ ниетпен келгенге де, кеткенге
Айнымасқа қолын созған Достықпыз.


Скачать


zharar.kz