Әбіш Кекілбаевтың алғашқы ұстазы кім

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Маңғыстаулық ұлы тұлға (Әбіш Кекілбаевтың 70 жылдығына орай)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың халық үшін шығармаларының құндылығын ұғындыру және өзіндік ой - пікірін қалыптастыру. еңбектерін оқушыға жеткізу.
Тәрбиелігі. Салт - дәстүрін, мәдениетін қастерлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау белсенділігін арттыра отырып, логикалық жақтан дәл ойлап жауап беруге, оқығандарын бір - бірімен салыстыра отырып жауап беру дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек - сызба, Шыңға өрлеу деңгейлік тақтасы
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың әдісі. Сұрақ - жауап, ізденіс, зерттеу, ой - толғаныс, сауалнама

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа әзірлеу.
Жаңа сабақ
Ә. Кекілбаевтың ұлылығын түсініп, шыңына шығу сабақтың негізгі мақсаты екенін айтып кетемін.
Қызығушылықты ояту Мағлұмат тани білу Тақырып туралы толғаныс
Ә. Кекілбаев өмірінің ойы мен қыры мол, өте күрделі; тарих төрінен орны ерекше, өзіне қызықтырып, тарта береді Төл әдебиетімізді игеруге, туған жер әдебиетін білуге бастайтын сияқты Ә. Кекілбаевтың қиял - ойы шексіз терең, Әбіш аға мұхитына терең бойлаған сайын ойыңа ой, сезімге сезім қосылады;

ІІ. Сынып екі топқа бөлінеді.
І. Ұлағат ІІ. Шапағат
1. Ой шақыру стратегиясы.
Тренинг сабақтар бойынша жылдам ойлау қабілетін дамыту үшін миға шабуыл әдісі қолданылады. әр топқа сұрақтар қойылады.
І - топ - Ұлағат
1. Ә. Кекілбаев қай жылы қай жерде дүниеге келді?
2. Ұлт азаматы еңбек жолын қандай қызметтен бастады?
3. Қаламынан туған шығармаларын атаңыз.
4. Әбіш Кекілбаевтың алғашқы ұстазы кім?

ІІ - топ - Шапағат
1. Ұлы тұлға туралы не білесіз?
2. Әбіш Кекілбаев қандай марапаттауларға ие болды?
3. Жазушының жарық көрген кітаптарын атап шық.
4. Ә. Кекілбаев қай жылдан бері Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі?

ІІ. Қызығушылықты ояту, ойды қозғау мақсатында Топтастыру стратегиясы арқылы мінездеме беру.
Өзім шолу ретінде жазушының өскен ортасы, балалық шағы, білім алу жолы, әдеби және қоғамдық қызметінің алғашқы кезеңі т. б. өсу, іздену, кемелдену шағын әңгіме өзегіне айналдырып баяндаймын.
(Жазушы өміріне арналған хронологиялық кестені пайдалану)

ІІІ. Мағынаны тану кезінде оқушылар жұмыс істейді. Алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білу.
ІҮ. Шыңға өрлеу ойыны ( деңгейлік тақтамен жұмыс)
1. Шыңырау повесінің басты тақырыбы қандай?
2. Жазушының романдарын ата?
3. Жазушының өз өмірін көз алдымызға әкелетін шығармасы.
4. Жазушының шешесінің азан шақырып қойған аты.
5. Ә. Кекілбаев қандай газеттерде қызмет етті.?

Жаңа сабақты пысықтау. Естеліктер сыр шертеді.
Жазушы шығармашылығын таныстыруды өзімен істес болған, бірге өсіп, бірге оқыған басқалардың естеліктері ұлылықтың қыры мен сырын үйретеді. Мұндай дүниелер бүгінгі жас ұрпақтың сана сарайын ашудағы үлгі - өнеге, тәрбие берудегі асыл қазыналардың бірі

ІҮ. Ой толғаныс
Маңғыстаулық ұлы тұлға тақырыбына шағын шығарма жазу немесе өлең құрастыру.

Ү. Қорытынды бөлім.
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Тұғырлы ұлы тұлға Әбіш аға тамырын тереңге жайған алып бәйтерек. Ұлы тұлғаның еңбектері сан мыңдаған жылдар бойы ұлтымызға, мәдениетімізге ұлттық рухани азық болды
Әуелесін, қалқысын,
От жалын боп шалқысын.
Жылап, жырлап жүргенде,
Арттағыға сөз қалсын,- деп Абай айтқандай, оның атын мәңгілік өшірмейтін, әрбір қазақ қызыға оқитын рухани дүниелері бар,
Бағалау


Скачать


zharar.kz