Тақырыбы: Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері.
Математика 2 сынып
Жылдың әр мезгіліндегі туған өлкемнің табиғаты
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары 2. 1. 3. 5 циферблат бойынша уақытты анықтау: сағат жəне минут
2. 1. 3. 4 шамалар мəндерін: ұзындық(см, дм, м) масса(кг, ц) көлем(сыйымдылық) (л) уақыт(сағ, мин, ай, жыл) өлшем бірліктерін салыстыру жəне амалдар орындау
2. 1. 3. 3 шамалар мəндерін: ұзындық(см, дм, м) масса(кг, ц) көлем(сыйымдылық) (л) уақыт(сағ, мин, ай, жыл) өлшем бірліктерін салыстыру жəне амалдар орындау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:
• Циферблат бойынша уақытты анықтайды
Оқушылардың басым бөлігі:
• Уақыт өлшем бірліктерін ажырата алады, арақатынасын анықтап салыстырады
Кейбір оқушылар:
• Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау критерийі. 12 ге дейінгі сандарды рим цифрларымен таңбалайды және оқиды.
• Шамалардың арақатынасын пайдалана отырып, атаулы сандарды салыстырады
• Атаулы сандармен қосу және азайту амалдарын орындайды
• Уақытты анықтау үшін циферблатты қолданады
Ресурстар Оқулық, суреттер, стикер - жапырақтар, топтық, слайд, Білім ағашы , бейнеролик, смайликтер, бағалау парағы, номиналды ақшы, плакат
Әдіс - тәсілдер Миға шабуыл, Өнер және білім орталығы , Ең үздік уақыт , Шығарып көр , Ойлан - жұптас - бөліс , Білемін, түсінемін, қолданамын
Пәнаралық байланыс Музыка, тарих, көркем еңбек, әдебиеттік оқу
Сабақтың типі Жаңа білімді игеру
Формасы Топтық, өзіндік, жұптық, ұжымдық
Алдыңғы сабақ Шамалар. Менің өлкемнің табиғаты
Жоспарланған
уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Басы
5 минут
1) Психологиялық тренинг (Ұ)
Қоңыраудың сиқырлы,
Естіледі сыңғыры
Достар, бері келіңдер,
Қолдарыңды беріңдер.
Шаттық толы шеңберге,
Қуанышпен еніңдер.
Толтырайық шаттыққа
Дөңгеленген шеңберді.
2) 4 жыл мезгілі топқа біріктіру Жыл мезгілдері
3) (МК, Ұ, Қ) Миға шабуыл Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау.
- 24 сағат неге тең?
- Уақытты не арқылы анықтауға болады?
- Ең қысқа ай? Неліктен?
- 12 ай неге тең?
- Күнделіктегі жеті ағайын?
- Дұрыс. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Уақыт. Уақыт өлшем бірліктері
Ортасы
25 минут Білу және түсіну 6 минут(постермен жұмыс)
(МК, Т) Топтық жұмыс: Өнер және білім орталығы
1 топ - Желтоқсан ай күнтізбесі
2 топ - Апта
3 топ - 12 ай аттарын рим цифрымен белгілеу және күн санын жазу
4 топ - Жыл мезгілдері
Мұғалімнің кері байланысы (жұлдызшалар арқылы мадақтау)
(Ө, ҚБ,) Қолдану Ең үздік уақыт
Өзіндік жұмыс.
Дәптермен жұмыс.№2, 46 бет.
(МК, Ұ, Ж, ҚБ) Талдау Шығарып көр
Дәптермен, тақтамен жұмыс. 47 бет № 4, 5
№4 есеп: Оқулықта берілген есептерді ең жылдам оқушыға орындату.
№5 Ойлан - жұптас - бөліс
Тапсырмалар орындау соңында кері байланыс орнату. Оқушылардың тапсырманы орындау деңгейіне сай бағалап отыру.
Т. Рысқұлов атындағы
№ 16 орта мектеп, Талғар ауданы
Мұғалімнің есімі: Нурпеисова Алмагуль Турисбековна
Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері. жүктеу