Ауа - газдар қоспасы

Скачать

Химия 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ауа - газдар қоспасы. Ауаның ластануы және экологиялық проблемалар
Сабақтың мақсаты: Оқушы ауаның құрамы әртүрлі газдар қоспасынан тұратынын және ластанудан қорғау қажеттігін түсінеді.
Міндеті:
А) Ауаның құрамын анықтауға жүргізілген тәжірибемен танысады.
Б) Қоршаған ортаны, ауаны ластанудан сақтау, қазіргі кездегі экологиялық проблемалық тұрғысында ой қозғайды және қоршаған орта мен адам арасындағы байланысты, оны қорғау маңыздылын сезінеді.
В) Оқушылар қойылған сауалдарға жауап береді, туындаған мәселелер төңірегінде ой бөліседі
Сабақ түрі: жаңа оқу материалын оқып, үйрену сабағы
Әдісі: СТО әдістері (ортада қаламсап, эссе жазу, РАФТ)
Бағалау: теориялық білімін көрсетеді, қолдана алу және өз ойын жеткізе алу мүмкіндігіне қарай.
Сабақ құрылымы

І. Ұйымдастыру бөлімі. Сынып үш топқа бөлінеді.
ІІ. Өтілген тақырыптарға шолу сұрақтары:
Оттегі табиғатта қалай таралған?
Оттегінің физикалық қасиеттері
Оттегін алу
Оттегінің химиялық қасиеттері
Оттегі қайда қолданылады?
Жану реакциялары дегеніміз не?
Оксидтер дегеніміз не?
Озонның қасиеттері
Аллотропия дегеніміз не?
Озон қалай түзіледі?
Озон қабатының маңызы қандай?

ІІ. Мағынаны тану (слайд арқылы түсінік беру) Мұғалім сөзі
Атақты орыс дәрігері Ф. Ф. Эрисман Таза ауа - адамның бірден бір санитарлық және эстетикалық қажеттілігін құрайды деді. Ежелгі грек философы Анаксимен (б. э. д. 560 - 450 ) алғаш рет ауаның денелер түзетін негізгі элемент екенін айтса, Аристотель (б. э. д. 384 - 322 ) ауаның екі қасиеттің: ылғал мен жылу көзі болып табылатынын 4 заттың бастауы екенін айтқан болатын. Ауаның құрамына алғаш тәжірибе жасаған француз ғалым А. Лавуазье. Ауаның құрамы:


Скачать


zharar.kz