Ана тілінде еркін сөйлеуі

Скачать

Мектепалды даярлық тобына арналған Саусақ ойындары бағдарламасы (вариативті бөлім)
Саусақ ойын бағдарламасының басты мақсаты:
Оқушылардың ойын жаттығулары арқылы қисынды ойлауы мен қолын жазуға дайындау, ойлау қабілетін дамыту.
Саусақ ойын бағдарламасының басты міндеттері:
- Жаттау арқылы баланың тілін жетілдіру;
- ойын арқылы зейіндерін шоғырландыру.;
- Аттары ұйқасқан заттарды танып білу;
- Дүниетанымын өсіру.
- Ана тілінде еркін сөйлеуі;
- Қайталама сөздермен сөз өрнегін баулу;
- Тілдік қорды дамыту;
- Қызығушылығын қалыптастырып дамыту;
- Баланың қисынды ойлауы мен есте сақтауын ортаны тез қабылдауын дамыту;

Оқушылардың дағдыларын қалыптастыру.
Баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленеді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс - тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой - қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырады.
Сәби өмірінде саусақ ойындарының маңызы зор. Атау ұйқастырып бүгінгі күні балаларды өз ана тілінде еркін сөйлеуі мемлекеттік тілді меңгеруі маңызды мәселеге айналып отыр. Балалар көп сөздің мағынасын түсінбейді, сөздік қорлары өте аз. Сол себепті балалардың тілін дамыту үшін әдіс - тәсілдердің тиімді жақтарын қарастыру жөн.

Саусақ ойын бағдарламасы бойынша күнтізбелік – тақырыптық жоспар.
Аптасына 1 сағат
Барлығы 32 сағат


Скачать


zharar.kz