Келмеген соң ағамыз, Нағылсын мені басқа адам

Скачать

Әбдібек Жаманбаев

Өңім бе, әлде, түсім бе?
Жоқ еді қулық ісімде.
Бір ағайын келмеді,
Үлкен - кіші ішінде.
Білмеймін, не пәлеге болдым душар?
Дем ыстық, жан жаралы, хәлім нашар.
Тілектес мен байғұста жақында жоқ,
Қайғымды қақ бөлісіп, көңіл ашар.
Келмеген соң ағамыз,
Нағылсын мені басқа адам?
Дәметпеймін сірә да,
Ж..... й тазшадан.
Ауырмаған адамға
Өмірдің қысы күзі не?
Біреуің де тұрмайсың
Сәкеңнің басқан ізіне!
Емханада жатқанымда,
Інісіне қарамай,
Жылқы сойып, қазысын
Өзі жеген ағам - ай.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің
3 сынып оқушысы Дарханқызы Айерке


Скачать


zharar.kz