Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 7 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 7 сынып.
Тақырыптар:
16. Морфология. Зат есімнің түрленуі
17. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
18. Зат есімнің түрленуін қорытындылау
19. Қосымша түсінік
20. Тіл ұстарту
Қазақ тілі 7 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Морфология. Зат есімнің түрленуі
Сабақтың мақсаты: білімділік – зат есімнің түрленуі туралы түсіндіру, оқушылардың ой - өрісін кеңейту, зат есім тақырыбынан алған білімдерін еске түсіру, зат есім тақырыбы бойынша білімін жетілдіру;
дамытушылық – жеке тұлғаның ой - қабілетіне әсер ету арқылы оқушылардың өздігінен жұмысқа баулу, сөйлеу шеберліктерін, тіл байлықтарын дамыту; тәрбиелік – оқушыны білімділікке, ойлылыққа жетектеу, пәнге қызығушылығын арттыру, туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.
Көрнекілігі: плакат - сызбалар, топтастыру, кеспе қағаздар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың өту барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Сәлемдесу. Сабаққа даярлау.
2. Бүгінгі сабақтың құрылымымен таныстыру.
Сабақ Ашық журнал сабағы деп аталады. Журналдың әр парағында тақырыптар берілген.
1. Қайталау – оқу анасы.
2. Жаңа сабақ құпиясы.
3. кітап – досың, ақылшың.
4. Біліміңді байқап көр.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қызығушылықты ояту. Ой шақыру.
1. Қайталау – оқу анасы .
Кубик лақтыру ойыны. мен түрлі - түсті кубикті ортаға тастаймын. Үш қатар түстерді таңдау арқылы тапсырмаларын орындайды. Үш минут уақыт беріледі.
Тапсырмалар
1 - қатар. Оқушылар бірлесіп зат есім бойынша тірек - сызбсын салады, түсіндіреді.
Зат есім
↓
дара, күрделі
кім, не
негізгі, туынды
жалпы және жалқы
деректі, дерексіз
көптеледі
септеледі
тәуелденеді
2 - қатар. Тірек сөздер арқылы жұмыс. Төмендегі плакатқа жазылған сөздер бойынша үш сөйлем құрау, зат есім болатын сөздерді белгілеу.
3 - қатар.
Бейнесөз.
1. Ұлттың аты...
2. Ел ордасы...
3. Жанша Досмұхамедұлының туған жері
4. Кет сөзінің антонимі
5. Сөз табы
6. Тәуелсіздік тірегі...
7. Сөздің көркі...
ІІІ. Мағынаны тану.
2. Жаңа сабақ құпиясы .
Морфология.
Зат есімнің түрленуі.
Зат есімді түрлендіретін тұлғалар оның жалғаулары болып табылады.
Қазақ тілінде жалғаудың төрт түрі бар.
Жалғау
↓
көптік
тәуелдік
септік
жіктік
Зат есім көптеледі, тәуелденеді, септеледі.
Тек адамға байланысты, адамға қатысты зат есімдері ғана жіктеле алады.
Мысалы: Мен бала - мын
Сен бала - сың
Сіз бала - сыз
Ол бала
Оқулықтағы көптік жалғау, тәуелдік жалғау мәліметтері, оған байланысты берілген кесте сабақта пайдаланылды.
3. Кітап – досың, ақылшың .
Жаттығулар мен тапсырмалар жұмысы
1 - қатар. Берілген сөйлемнен көптік жалғауын қабылдап тұрған зат есімдерді табу.
Тіл – адамдар баласының баласын қазіргі өркениетке жеткізген ұлылар күшті. Ата - бабаларымыз ана тілімізді шұрайлы да көрікті қалпында кейінгі ұрпақтарына аманат ете білген.
2 - қатар. Зат есімнің оңаша тәуелденуіне мысал келтір.
3 - қатар. Ағалар, апалар, аналар деген зат есімдерді ортақ тәуелде.
IV. Бекіту. Ой толғаныс.
4. біліміңді байқап көр
Тест
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
А) 6 Б) 9
Ә) 7 В) 8
2. Оқушы, бала, ана сөздері қай сөз табына жатады?
А) Сан есім Б) Есімдік
Ә) Үстеу В) Зат есім
3. Жалғаудың неше түрі бар?
А) 4 Б) 5
Ә) В) 2
4. Туынды зат есім жұрнағын белгіле.
А) – хана,- паз,- кер
Ә) – лы,- лі,- ды,- ді,- ты,- ті
Б) – шы,- ші,- лық,- ім,- ыс
В) – дай,- дей,- тай,- тей
5. Күрделі зат есімдерді тап.
А) білім, күрек, күйші
Ә) аяқ, ауыл, бала, дала
Б) ана, қала, мектеп
В) ашудас, аяқ - табақ, ауыл - аймақ
6. Тәуелдік жалғауының оңаша, ортақ түрінің ІІІ жағының қосымшаларын көрсет
А) – ым,- ім,- м,- мыз, міз
Ә) – ңыз,- ңіз,- ыңыз, іңіз
Б) – сы,- сі,- ы,- і
В) – ң, - ың,- ің.
V. Үйге тапсырма.
38 - жаттығу. Тәуелдік жалғаулы сөздерді тауып, оңаша және ортақ түрде үш жақта тәуелдеңдер.
Шығарма жазу. Туған жер – тұғырың, туған тіл – қыдырың .
VI. Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
16, 17, 18, 19, 20 сабақтарды жүктеу
Толық нұсқасын қарау