Әдебиет сабақтарында сыни ойлауды ұйымдастыру Жалпы мақсат

Скачать

Мұғалім: Сағымбекова Бақыт Советханқызы

Коучинг - сессия: Тақырыбы: Әдебиет сабақтарында сыни ойлауды ұйымдастыру
Жалпы мақсат: Көркем әдебиеттің жыраулар поэзиясын оқытуда теориялық жағынан тереңірек түсінік беру, жалпы қазақ әдебиетінің поэзия жанрын оқытуда (қай автор болмасын) сыни ойлауға, сыни көзқарасты қалыптастыруға жетелеу.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі
9 - сыныпқа арналған әдебиет оқулығы
Үлестірме материалдары
Күтілетін нәтиже: Қазақ әдебиетінің кез - келген авторының туындысын оқытуда сыни ой тастауға үйренеді және одан шығу жолдарын қарастырады.
Әр шығармадағы оқиғалар мен кейіпкерлер іс - әрекетін сыни ойлау арқылы өзіндік тұрғыда талдауға, баға беруге талпындыруды үйренеді. Топта бірлесіп жұмыс істеуге, қажетті іс - әрекетті өз бетінше белсене орындауына мүмкіншілік беріледі.

Сабақта қолданылатын материалдар: Ой қозғау стратегиясы
стратегиясына байланысты, сызба кесте, ватман, мәтін.
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

І. Қатысушыларға психологиялық ахуал туғызу
Коучердің іс - әрекеті
Қатысушы ұстаздар назарына слайд арқылы Есімдер құпиясы кестесі ұсынылады. Өз есімлерінен шыққан сан белгісіне қарай топтарға бөлінеді.

ІІ. Қызығушылықты ояту Топтарға тапсырма: Барлығымыз қазақ әдебиетінен Бұқар жыраудың Бірінші тілек тілеңіз толғауын білеміз,
Үш топ та мына тапсырмадағы асты сызылған сөздердің мағынасын өз бетінше ашып беруге тиіс:
Бірінші білек тілеңіз: бір аллаға жазбасқа,
Екінші тілек тілеңіз: Ең шұғыл залым пасықтың
Тіліне еріп азбасқа,
Үшінші тілек тілеңіз: Үшкілсіз көйлек кимеске

Қосымша ақпарат Бұқар жырау — XVІІІ ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың (1668 - 1781) жылдар аралығында өмір сүрген қазақ жыраулар поэзиясының көрнекті өкілі. Атақты Абылай ханның сенімді серігі, кеңесшісі болған тарихи тұлға. Жыраудың Ай, Абылай, Абылай! , Асқар таудың өлгені , Бірінші тілек тілеңіз , Қазақтың ханы Абылай , Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек сияқты толғаулары бар.

ІІІ. Берілген тақырып бойынша
Берілген тапсырманы игеру ісін топтасып, ұжымдасып мұғалім көмегінсіз өздері дербес атқаруға тырысады. Құр мәлімет алумен шектелмей, өз пікірлерін ашық айтып өзара сұхбат жүргізуге жағдай жасалынады.

IV. Шығармашылық жұмыс
Салыстыру, ерекшеліктерін табу, ортақ белгілерін анықтау стратегиясы Экранда үш түрлі автордың өлеңдерінен үзінділер оқылады.
1. Абай Құнанбаев Көзімнің қарасы
2. А. С. Пушкин Я помню чудное мгновение
3. Мұқағали Мақатаев Қара өлең

V. Бекіту Түртіп алу стратегиясы бойынша кесте жасалынып топтарға ұсынылады және сол кестеге тақырыпты қаншалықты түсінгендерін әр түрлі белгілермен белгілейді. Топтың тақырып туралы ой қозғауы
V – Олардың білетіндері.
+ — Олардың үйренгендері.
= — Менің ойлағаныма кері, келісе алмаймын.
? – Мені ойландырды

V. Қорытындылау
Мен кіммін? ойыны арқылы коучингтен алған әсерлерін білемін.
Егер балалар бірдеңені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс -
деген Ы. Алтынсариннің сөзімен осы коучингті қорытамын.

VIII. Рефлексия Коучингтен алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша Аяқталмаған сөйлемдер әдісі арқылы жаздыру:
Бүгін мен.......... білдім.
............ қызықты болды.
................ қиын болды.
............... екенін түсіндім.
Мен........... жасай алдым.
........... мені таң қалдырды.

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz