Ауаның ластануы

Скачать

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі: Ысқақ Шамсия

Сабақтың тақырыбы: Ауаның ластануы. Ауаны қорғау.

5 жолды өлең құрайық.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
1. Сәлемдесу түгендеу.
Мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға ауаның ластануы туралы түсінік беру. Ауа райының көрсеткіштері туралы білімдерін еске түсіру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын молайту, жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру.
б) Тәрбиелік: Адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат – ананы қорғап аялауға тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: Интерактивті тақта, тақырыптық суреттер.
Сабақтың әдісі: Венн диаграммасы, 5 жолды өлең, сиқырлы таяқша, болжау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
Ауа рай, климат.
Ауа рай деген не?
Климат деген не?
Қазақстан жерінің климаты қандай?
Климат түрлерін айт?
Ауа райының қандай құбылыстарын білесің?
Ауа райын кімдер бақылайды?
Қазақстан жеріне жауын - шашын неге аз түседі?

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
1. Зат есім ( 1 сөз )
2. Сын есім ( 2 сөз )
3. Етістік ( 3 сөз )
4. Сөйлем ( 4 сөз )
5. Мағыналас сөз ( 1 сөз )

ІV. Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту.
Ауа райын ертеректе халықтар қалай болжаған?
Ертеректе ұшқан құсқа, атқан аңға, батқан күнге, түнгі жұлдызға қарап ауа райын болжаған. (оқушылар пікірлерін тыңдау )
Мағынаны тану.
Ауа райы дегеніміз жыл мезгілі немесе кез келген уақыттағы аспан құбылыстарының нақтылы бір мезгілдері көрсетіледі.
Тіршілік үшін аса қажетті оттегі ауаның (21%) бөлігін құрайды. Көмірқышқыл газының ауаға үлесі

оттегінен 700 есе аз. Ауа қоспасындағы ең көп газ – азот ( 78 %)

1. Ауа неліктен ластанады?
а) Табиғи жолмен ауаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиянды, ауруға шалдығады.
Ол үшін ауаны қорғау қажет, арнайы шаралар жүзеге асырылады. Зауыттарға тазартқыш қондырғылар орнатылады. Автокөліктерден шығатын түтіннің жолына сүзгі қойылады. Сұйық отын газбен алмастырылады. Ауаны тазартудың ең тиімді жолы - көгалдандыру. Оған бәрің де атсалыса аласыңдар. Сендердің әр еккен ағаштарың ауаны тазартуға қосқан үлестерің.
ә) Адамның іс - әрекеті салдарынан ( жылу электр стансасынан, мұнай өңдеуден, металл өндіруден, көліктерден т. б. шығатын қалдықтар ).

2. Кітаппен жұмыс. Тізбектеп оқыту.
3. Ой толғаныс.
І. қатар. Венн диаграммасы.
Ауа рай ортақ қасиет климат

ІІ - Ауаны ластаушы заттардың қайдан пайда болатынын дәлелде?
ІІІ - Дәлел сөз Табиғат - ананы бұрмалауға болмайды, табиғатты бұрмаласаң ол сенен өшін алып тынады
Сергіту сәті
Ауа райын хабарлаушыға пародия жасату.

V. Қорытынды:
Хормен: Табиғаттың тарылтпайық мөлдір таза тынысын,
Пәк табиғат, әр жүректің тамылжыған жырысың,
Ей, адамзат, ақылға сал, қатыгездік жасама,
Өзің дағы содан туған, табиғаттың ұлысың.

VІ. Бағалау:
VІІ. Үйге тапсырма:
Оқу, мазмұндау.


Скачать


zharar.kz