Сабақтың тақырыбы: Фосфордың алынуы, табиғатта таралуы.
Сабақтың мақсаты: 1. Азот топшасы туралы білімдерін тиянақтау.
Білімділік: 2. Фосфордың табиғатта таралуы, алынуы, периодтық жүйедегі орны туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: 3. Теріс электрлік, атом құрлысы, тотығу - тотықсыздану реакциялары туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: 4. Оқушыларды топпен бірігіп жұмыс істеуге, жекелей жұмыс жасай білуге, өз бетінше ізденімпаздыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның экономикалық картасы, тест түрлері, деңгейлік тапсырма, тірек сызбасы, т. с. с.
Пәнаралық байланыс: өмірмен, әдебиетпен, физикамен, география.
Технология: дамыта оқыту технологиясы.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу.
Сабақ бөлімдері: 1. Ой шақыру.
2. Ұғыну.
3. Мағынаны тану.
4. Білімді тиянақтау.
5. Түйсіну.
І. Үй тапсырмасын сұрау.
1). Франтальды сұрақтар қою арқылы жауап алу.
2). Есеп шығару (тақтаға екі оқушы шығады).
Ой шақыру.
Сұрақтар:
1. Периодтық таблицаның V тобында орналасқан элементтерді ата.
2. Азоттың физикалық қасиеттері.
3. Аммиактың молекулалық, электрондық, құрылымдық формуласын жаз.
4. Аммоний тұздары дегеніміз не?
5. Заттың ерітіндідегі массалық үлесі дегеніміз не?
6. Заттың ерітіндідегі массалық үлесін қандай формуламен есептейміз?
7. Азот қышқылының тұздарын қалай атайды?
8. Азот пен фосфор элементін Венн диаграммасы бойынша салыстыру.
ІІ. ҰҒЫНУ. бөлімде жаңа сабаққа байланысты тірек - сызбаларды пайдалана отырып, дәптерге (білемін, білгім келеді ) бағанасын толтырамыз.
Атомда электрондар толқын немесе бұлт тәрізді күйде болады. Мұны кванттық механика ғылымы түсіндіреді. Атомда электрондар энергетикалық деңгейде орналасады. Деңгейлер деңгейшелерде орналасады. Деңгейлер деңгейшелерден тұрады, деңгейшелердің электрондары көп жүретін тығыздығы мол жерлерін орбитальдар деп атайды.
ІІІ бөлім Мағынаны тану
Бұл бөлімде жаңа сабақ түсіндіріледі. Сабақтың мақсаты, яғни фосфордың периодтық жүйедегі орнын, атом құрлысын, табиғатта таралуын, алынуын түсіндіру.
Р - элементі периодтық системаның V тобындағы химиялық элемент. Ал бес саны халықтың ұғымында киелі сан, мысалы бес парыз, бес жылқы, бес жаман, бес дұшпан. Осыған байланысты фосфор да киелі элемент. Фосфор кейбір ақуызды заттың құрамында, жүйке, сүйек ұлпаларында болады. Фосфор сүйекте 600 грамдай, ми мен жүйкеде 12 грамдай болып есептелінеді, 1тәулікте тағам арқылы әрбір адам күніне 1 - 1, 2 грамм фосфор қосылысын қабылдайды. Оның реттік номері - 15. Салыстырмалық атомдық массасы - 31. Р - көбіне оттегімен қосылысында +5 валенттілік көрсетеді, сутекті металдардың қосылысында - 3 валенттілікті көрсетеді. Жер қыртысындағы массалық үлесі 0, 88 пайыз. Табиғатта фосфор тек қосылыстар күйінде кездеседі. Кең тараған қосылысы - апатит: Ca3(PO4) 2. CaCl2, Ca3(PO4), CaF2
2 - ші қосылысы - фосфарит Ca3(PO4) 2
Енді фосфордың пайда болуы, алыну тарихына үңілсек ХVІІғасырда өмір сүрген Гамбург алхимигі Г. Бранд философиалық тасты іздеу мақсатында бірнеше тәжірибелер жасады, бірақ тәжірибелері нәтижесіз болды, енді оны адам бойынан іздеуге кріседі. Ол үшін кесекті алып, оған 2 - 3 есе құм көмір салып қыздырады. Қыздыру ұзаққа созылып, соның нәтежесінде түзілген газ көгілдір сәуле шашып, жарқырап тұрғаны көрінеді. Бұл фосфор еді. Бранд бұны философиялық тас деп ойлады.
Алыну реакция теңдеуі:
Ca3(PO4) 2+5со+3SiO3 Ca SiO3+2Po+5CO+2
P+5+5ePO ------------- 2 тотықсыздану ------------- 2Р+5+10е2Ро
CO - 2eC+2 ------------ 5 тотығу -------------- 5Со - 10е5С+2
Бұл фосфорды Крафатқа сатады. 16745жылы фосфордың жасау жолдарын Крафаттан неміс химигі Пункель алады. 1680жылы Бранд Пункельмен қатар ағылшын химигі Р. Бойлы өз бетінше фосфор алды. 1743 - жылы Марграфта ойлап тапты. Фосфор өңдеудің құрлысын тапқан соң оның бағасы төмендеп кетеді. Арада біраз үзілістер болып 1943 жылы Ресейде фосфор қоры табылды. Фосфор қоры 20 - 30 миллион шамасында. 1936 - жылы фосфарит кені Оңтүстік Қазақстан облысы Жамбыл қаласының маңында Қаратау жотасынан табылған. Бұл кен дүние жүзіне белгілі. Бұл кеннің ашылуына зор үлес қосқан, фосфор қосылыстарын зерттеген Әбікен Бектұрұлы Бектұров. Қазіргі кезде Қазақстан ТМД - ның шығысындағы фосфор тыңайтқышының маңызды шикізат базасы. Қаратаудың фосфорлы бассейні қоры жағынан Марокко, АҚШ, Тунис секілді кенге бай елдердің қатарына қосыла бастады. Қаратаудың фосфоритті сапасы жағынан өте жоғары, онда фосфор ангидриді 26%- дан 36%- ға дейін жетеді. Жер қойнауындағы фосфор кенінің қалыңдығы қоры жылына 200 мың тоннаға артып отыр.
ІVбөлім Білімді тиянақтау.
Магнит тақтасында: Мен және менің туыстарым кімдер? АТТЫ ӘҢГМЕ.
Біз негізі 3егіз жігітпіз, Мен - Ақбаймын, Қарабай, Қазыбек деген ағаларым бар: түріміз де, мінезіміз де ұқсайды. Менің мінезім нашар, тез тұтанып шыға келем, өзім де улы зат қоймасында істеймін. Ағаларым маған қарағанда момын, Қарабай әскери адам, түтінін бұрқыратып темекі шегеді де жүреді. Ал Қазыбек темекі зауытының директоры.
Жауабыы? Ақ, Қара, Қызыл фосфорлар.
Есеп: төменде заттар арасынан фосфордың генетикалық қатарын құрайтын заттар формуласын тауып, оны дәлелдейтін реакция теңдеулерін көрсет.
1 - нұсқа.
NaNo3, P2O5, К3РО4, P CuO, H3PO4.
РР2О5Н3РО4Иа3РО4
Оқулықпен жұмыс: 71 - бет, 1 - есеп.
Егер қышқылдың шығымы теориялық шығыммен салыстырғанда массалық үлес 0, 8 немесе 80 пайыз болса, 31т кальций орта фосфатынан қанша ортофосфор қышқылын алуға болады?
Деңгейлік тапсырма.
1 - деңгей.
1. фосфордың химиялық таңбасы.
2. Электрондық формуласы.
3. Мүмкін болатын валенттілігі
4. Мүмкін болатын тотығу дәрежесі.
ІІ - деңгей.
1. Озон газы қай кезде түзіледі
Реакция теңдеуін жаз.
2. Азот сөзіне сөзжұмбақ құрастыр.
Тест.
Реттік санмен азот қышқылының жартылай химиялық реакциясы берілген. Әріппен реакция нәтижесінде түзілетін зат белгіленген.
Жұпта...
Мысалы:
1. NaNO3+H2SO4 -------------………+…… A. 4NO+6H2O
2. 4NH3+5O2 -----------………….+….. B. 2NO2
3. 2NO+O2 ---------……..+ C. NaHSO4+HNO3
4. 4NO2+H2O+O2 ------….+…. D. 4HNO3
V бөлім Түсінісу Бұл бөлімде алған білімімізді тірек - сызбалар, кестелер арқылы қортындылау.
(2оқушы тақтаға шығады)
Бағалау.
Үйге тапсырма;§24. 71 - бет 2 - есеп ІІІ топ мүшелері
Есептер жинағынан ІІ топқа 14 - 134.
Ітопқа14 - 136