БАЙСЕЙІТОВ Қанабек

Скачать

БАЙСЕЙІТОВ Қанабек (15. 3. , 1905, қазіргі Алматы обл., Қаратал ауд., — 10. 3. 1979, Алматы қ.) — әнші-актер, режиссер, драматург, киноактер, музыка театрының негізін қалаушылардың бірі, ҚазКСР-інің халық артисі (1963). Ауыл молдасынан оқып, мұсылманша хат таныды. 1925-29 ж. Алматы пед. Техникумында оқыды; мұнда Б. студент өнерпаздардың үйірмесіне де қатысып, Ж.Т.Шаниннің "Арқалық батыр" пьесасында Арқалықтың ролінде ойнады. 1929 ж. Қазақ драма театрына артист болып қабылданады; Б. актерлік қызметімен қатар пьесалар жазып, орысшадан бірнеше пьеса аударады. 1934 ж. Қазақтың муз. театрында (қазіргі Қазақтың мемл. академиялық опера және балет театры) М.О.Әуезов пен И.В.Коцыктың "Айман - Шолпанында" Арыстанның тұлғасын жасады. 1936 және 1958 ж. Москва қ-нда өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігін өткізуді ұйымдастырды. Б. операларда Төлеген, Тарғын (Е.Г.Брусиловскийдің "Қыз Жібегі" мен "Ер Тарғынында"), Абай (А.Қ.Жуба-нов пен Л.А.Хамидидің "Абайында"), Арыстан хан (А.А.Зильбердің "Бекетінде") сияқты әр түрлі сипаттағы образдарды сомдады. Б.
Қазақтың мемл. академиялық опера және балет театрының алғашқы режиссерлерінің бірі болып, ол "Абай" (ҚазКСР-і Мемл. сыйл., 1967), "Қыз Жібек", "Қамарсұлу", "Дударай", "Даиси", "Ев-гений Онегин", "Князь Игорь" операпарын қою арқылы режиссерлік еңбегімен де көзге түсті; көптеген кинофильмдерде ойнады: Жағыпар ("Амангелдіде", 1938), Жұрқа Жұрынбаев ("Қыз бен жігітте", 1954), Итбай болыс ("Ботагезде", 1956) т. б. Драматургия саласында да еңбек етіп, "Беу, қыздар-ай", "Ой, жігіттер-ай" коме-дияларын және "Айсұлу", "Алтынтаулар", "Достық жолымен" атты опера-балет сенарийлерін (Қ.Шаңғытбаевпен бірге) жазды. "Құштар кеңіл" кітабы қазақ, орыс тілдерінде жарық көрді. Ленин, Еңбек Қызыл Ту және "Құрмет Белгісі" орденімен марапаттапған.


Скачать


zharar.kz