Батыр бала болам - деп, Түйдім өзім ойымды

Скачать

Ескен Елубаевтың өлеңі

Асық атып,
Доп қуған
Қалды менен ойындар.
Нағыз батыр боп туған
Ер атанбақ ойым бар.
Пайда жоқ қой, одан ,- деп
Тастап қысыр ойында.
Батыр бала болам - деп,
Түйдім өзім ойымды.
Қойдым ләңгі тебуді,
Қойдым асық атуды,
Доп та ойнай беруді,
Жайбарақат жатуды.
Жүрсін елдер таң қалып,
Жүрем елден ерек боп -
Деп бекіндім, қамданып,
Ерлік жасау керек - деп.
Мың отырып,
Мың тұрып,
Алдым әбден шынығып,
Ертелі кеш жүгіріп,
Суға жүздім құнығып.
Енді, міне, жетті - деп
Ерлік жасар кезең де.
Таң ата сап кеттім де,
Бардым үлкен өзенге.
Суға батқан біреуді - ақ
Аңдып, бағып тұрайын.
Құтқар - десе дереу – ақ,
Жүзіп алып, шығайын -
Кездім бойын өзеннің,
Ешкім:
Құтқар демеді.
Ерлік жасар кезеңнің
Бір реті келмеді.
Күнде ертемен барамын,
Бойын кезіп жағаның.
Батқан жоқ па?
Қарадым,
Ерлік жасар баламын.
Құтқарғам жоқ, алайда,
Күте - күте шаршадым.
Қайткен күнде,
Қалайда,
Ерлік жасау аңсарым.
Аңдып өзен бойында
Әлі күнге жүрмін мен.
Ерлік жасау ойымда -
Қиын бірақ, білдім мен.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері


Скачать


zharar.kz