Сабақ тақырыбы: Есеп
Сабақ мақсаты: 1. Есеп терминін енгізіп, оның құрамдас бөліктері туралы түсінік қалыптастыру, есеп шығаруға үйрету.
2. Балалардың ой - өрісін, ойлау, салыстыру қабілеттерін жетілдіру.
3. Сақтыққа, ұқыптылыққа, бірлікке баулу.
Сабақ көрнекілігі: кеспе цифрлар, амал таңбалары, плакат, суреттер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Балаларды сабаққа дайындап алу.
ІІ. Өткенді қайталау
1. Сандар қатары
Балалар кеспе цифрларды ұстап, сандар қатарын құрады, бұйрықтар орындайды (дене тәрбиесі сабағымен байланыстыру):
- Сандар, сапқа тұр!
- Сандар, тура санал!
- Сандар, кері санал!
- 5 санынан кейінгі сандар, алға шық!
- 3 санының көршілері, алға шық!
2. Сандар құрамы
Үйшігіне орналастыр ойыны.
(4, 5, 6 сандарының құрамын анықтау)
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Кіріспе.
2. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Тақтадағы шыршаға қима шарларды ілу арқылы №1 есепті талдау, түсіндіру.
Арман шыршаға 3 жасыл әшекей шар, ал Рахима 2 сары әшекей шар ілді. Олар барлығы неше әшекей шар ілді?
(Арман мен Рахима шыршаға шарларды іледі).
- Балалар, бұл – есеп.
Есептің шартын құрайық:
Арман – 3 шар 000
Рахима – 2 шар 00
Сұрағын анықтап көрсету:
Барлық шар нешеу -?
Шешуін табайық: 3+2=5 (ш.)
Жауабы: Барлығы 5 шар ілінді.
- Балалар, көріп отырғанымыздай, есептің құрамдас бөліктері болады. Оларды атайық:
Шарты
Сұрағы
Шешуі
Жауабы
(плакаттан көрсету)
IV. Сергіту Кім жылдам? (эстафеталық ойын)
Балалар қатар бойынша 3 топқа бөлініп, тақтадағы мысалдарды кезекпен орындап жарысады. Жылдам әрі дұрыс орындаған топ жеңімпаз атанады.
5+5= ------------- 10 - 0= ------------ 3+3=
2+1= ------------- 0+1= -------------- 3 - 3=
3 - 0= ------------ 6 - 3= -------------- 4+1=
5+2= ------------- 5 - 2= -------------- 7 - 5=
10 - 3= ---------- 8+2=
V. 2 – жаттығуды тақтада орындау.
3 3 - 1
5 3+1
5 3 - 2
5 3 - 3
VІІІ. Қорытындылау
Не істедік? Нені үйрендік?
ІХ. Сабаққа белсенді қатысқан балаларды атап көрсетіп, мадақтау.
Х. Үйге тапсырма беру: 3 – жаттығу.