Жай бөлшектерге қолданылатын амалдарды қайталау

Скачать

Математика 5 сынып
Сынып жұмысы
Аралас сандарға амалдар қолдану

Сабақ мақсаты:
Білімділік: Өтілген тақырыптарды қайталау және жүйелеу. Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану дағдыларын қалыптастыру. Жай бөлшектерге қолданылатын амалдарды қайталау. Жай бөлшектерге байланысты тарихи құжаттармен таныстыру. Біліктерін логикалық оймен іске асыра білу.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс жасауын дамыту, математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету.

1. Жай бөлшек деп қандай санды айтамыз?
2. Жай бөлшектің алымы нені көрсетеді, бөлімі нені көрсетеді?
3. Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады?
4. Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады?
5. Натурал санды бұрыс бөлшек түрінде қалай жазады?
6. Бөлімдері бірдей жай бөлшектер қалай салыстырылады?
7. Бөлімдері әр түрлі жай бөлшектер қалай салыстырылады?
8. Қандай сан аралас сан деп аталады?
9. Аралас сандар қалай қосылады?
10. Бөлімдері бірдей аралас сандар қалай азайтылады?
11. Бөлімдері әр түрлі аралас сандар қалай қосылады?
12. Бөлімдері әр түрлі аралас сандар қалай азайтылады?

Логикалық жаттығу.
Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 және 29 сандары қай айда кездеседі?
Қосарланып жегілген ат - арбамен Самат 8 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жол жүрді?
Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 5 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды?


Скачать


zharar.kz