Сабақтың тақырыбы: Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуы
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, математика оқулығы, нұсқаулық
Жалпы мақсаты: 1. Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуының қасиеттері туралы мағлұмат беру.
2. Графиктерінің параллель, қиылысу және беттесе орналасуын ажырата білу.
3. Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуының қасиеттерін есептер шығаруда пайдалану.
Оқыту нәтижесі: 1. Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуының қасиеттері туралы мағлұмат алады.
2. Графиктерінің параллель, қиылысу және беттесе орналасуын ажырата біледі.
3. Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуының қасиеттерін есептер шығаруда пайдалана алады.
Ақпарат көздері: Оқулықтар, электронды оқулық, АКТ, үлестірме қағаздар
Іс - әрекет түрлері:
1. Сөйлемді толықтыр әдісі.
2. Топқа бөлу.
3. Үй тапсырмасын сұрау
4. Сәйкестендіріңіз.
5. Есептер шығару.
6. Элементін анықта тапсырмасы
7. Нақты жауап айдары
8. Топтық бағалау
9. Рефлексия: Блум таксономиясы .
1. Білу
1. Сөйлемді толықтыр
Интербелсенді тақтада жазылған сөйлемдерді мұғалім оқиды.
2. Топқа бөлу
Оқушыларға үлестірме қағаздарда жазылған функциялар бойынша 3 топқа бөлу
Топтағы ролдерді, міндеттерді бөлуді ескертеді.
3. Үй тапсырмасын сұрау
Жұптық жұмыс
Мұғалім оқушыларға үйге берілген есептерді жұпта тексеруді тапсырады. Жіберілген қателіктерді түзету жолдарын бірлесіп қарастыруды тапсырады.
Ауызша мадақтау: жарайсың, керемет, өте жақсы.
2. Түсіну
4. Сәйкестендіріңіз
Интербелсенді тақтада 5 сұрақ беріледі, сол сұрақтардың жауабын сәйкестендіреді. Мұғалім сұраған оқушы жауабын айтады, интербелсенді тақтадан дұрыс жауабын көрсетеді.
3. Қолдану
5. Есептер шығару. №1231 есебін шығаруды тапсырады
1 - топ: 1)
2 - топ: 2)
3 - топ: 3)
Мадақтау сэндвичі арқылы бағалайды.
4. Талдау
6. Элементін анықта тапсырмасы.
Тақтада берілген графиктерді топтарға топтастырыңыздар, сол бойынша элементтерін анықтаңыздар.
5. Жинақтау
7. Нақты жауап айдары.
1. Сызықтық функциялар графигінің өзара орналасуының қасиеттерін тізбектеп айтыңыз.
2. Графиктерінің параллель, қиылыса және беттесе орналасуының айырмашылығын айтыңыз. (бір - бір сөйлемнен айту).
Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуы. жүктеу