Қарт әжей бала алғыс айт

Скачать

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға қосымша қосылған кездегі сөздердің жазылу емлесінен мағлұмат беру. Түбір сөзді тиісті белгімен дұрыс белгілеуге машықтандыру.
2. Байланыстырып сөйлеу, іс-жүзілік дағдыларын дамыту. Ой жүйелілігін танымын, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге ықпал ету.
3. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, сауаттылыққа, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пән аралық байланыс: Ана тілі, дүниетану
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, ойын, шығармашылық, топтық жұмыс,
Сабақтың жабдығы: Интерактивті тақта, ұяшық, ребус, сөз - жұмбақ, мазмұнды сурет, сызба - кесте, жазылған мақалдар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық:
1) Басымызды иеміз,
Сәттілікті тілейміз.
Бірімізге біріміз
Көмектесіп жүреміз.
2) Оқушыларды үш топқа бөлу. Топ басшысын тағайындау.
Бағалау әдісін түсіндіру.( Сабақтың 6 кезеңімен таныстыру).

І. Қайталау - оқу анасы
1) Үй жұмысын тексеру, талдау жасау
2) Қайталауға арналған сұрақтар
- Түбір сөз дегеніміз не?
- Қосымша дегеніміз не? - Қосымша қандай қызмет атқарады?
- Түбір сөзге қосымша жалғағанда қандай өзгеріс болады?
- Түбір сөзге қосымша жалғамай сөздерді қосып оқуға бола ма?
ІІ. Сөз ойла, көп ойла
- ші,- шы
ІІІ. Тапқыр болсаң, тауып көр
Ребус шешу. Түлкі” 1
- Балалар, біз бүгін түбір сөзді тиісті белгімен белгілеуді үйренеміз.

ІV. Білгенге маржан...
Дәптермен жұмыс:
Күнді жазу
Көркем жазу
1. 320 – жаттығу
А) Мәтінді оқу
Ә) Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату.

2. 321 - жаттығу
А) Сөздерді көшіріп жазу
Кезекші, сызғыш, үйректер, оқыды, биле, үйге көмекшіл, айдай, жібектей.
Ә) Сөздің түбірін тауып, тиісті белгімен көрсету
Үлгі: кезекші,.....

1) 322 - жаттығу
Түбір сөзге қосымша қосып, тік сызықтың екінші жағындағы сөздермен байланыстыру.
келдім
міндім
Ұшақ түстім
көрдім

- Түбір сөзге қосымша жалғамай, сөздерді қосып оқуға бола ма?
- Жоқ. Өйткені, онда сөз бен сөздің арасында мағыналық қатынас болмай қалады.

Сергіту сәті
V. Жүйрік ойлы ұландар
(Топтық жұмыс)

І топ
Төмендегі түбір сөздерді қосымшалы етіп жаз.
Сөйлем құра. Мысалы: ойын, дәрі, қора
ІІ топ: Сөйлемдердің тиісті қосымшасын жалғап құрастыру.
1. Торғай ағаш қон.
2. Үй қызық кітап көп.
ІІІ топ: Менің досым тақырыбына әңгіме жазу.

VІ. Мақал - сөздің мәйегі
І топ. Білек... бірді жығар,
Білім... мыңды жығар.
ІІ топ. Әке....... қарап ұл өсер,
Ана......... қарап қыз өсер.
ІІІ топ. Еңбек....... наны тәтті,
Жалқау....... жаны тәтті.

VІІ. Үлкенге құрмет - кішіге міндет
Суретке қарап әңгіме құрастыру.
- Суреттен кімдерді көріп отырмыз?
- Қарт әжей не істеді?
- Бала (ат қою) не істеді?
Қарт әжей балаға алғыс айтты сөйлемін қосымшасыз айтып көрейікші.
- Қарт әжей бала алғыс айт.
- Осылай айтсақ, не туралы айтқалы тұрғанымыз түсінікті бола ма?
- Демек, сөйлем болу үшін әр сөзге тиісті қосымша жалғау керек екен.

VІІІ. Тобықтай түйін
Сөзжұмбақ

Қорытынды.
Үйге тапсырма: Күнделікті ашайық,
Үйге тапсырма жазайық.
Түбір менен қосымшаны
Ажыратып алайық.
323 - жаттығу (Талабымен таныстыру).
Бағалау: Топ басшыларының үлестірген заттары бойынша бағалау, мадақтау.


Скачать


zharar.kz