Дауыссыз дыбыс түрлерімен таныстыру

Скачать

Қазақ тілі 2 сынып
Тақырып: Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Мақсаты: Дауыссыз дыбыс түрлерімен таныстыру. Дауысты, дауыссыз дыбыс түрлерін дұрыс ажырата білуге, дыбыстық талдау жасауға үйрету.
Күтілетін нәтиже: Дауыссыз дыбыс түрлерімен танысты. Дауысты, дауыссыз дыбыс түрлерін ажырата алады. Дыбыстық талдау жасауға үйрене бастады.
Әдіс – тәсілдер: "Жуан және жіңішке сұрақтар", "Кім жылдам?", сергіту сәті, ребус шешу
Сабақта қолданылатын материалдар: Оқулық, дәптер, қалам, қарындаш, күнделік, слайд, үлестірмелі карточкалар

Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
• Оқушылармен амандасамын(психологиялық тренинг)
Үлкенге де Сіз
Кішіге де Сіз
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз

Қызығушылықты ояту (3 минут)
"Жуан және жіңішке сұрақтар"
- Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Қазақ тілінде неше дыбыс, неше әріп бар?
- Дыбыстар қалай естіледі?
Неге?
- Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
- Бүгінгі сабағымызда Дауыссыз дыбыстардың түрлерімен танысамыз.
(электрондық оқулық)
Айтқанда ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады. Сөйтіп, дауыссыз дыбыстарда дауыс болмайды, олар үн мен салдырдан немесе тек салдырдан тұрады.

Мағынаны тану (35 минут)
Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар. Олар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.
Дауысты дыбыстан кейін айтылғанда,[ у ] дауыссыз болып келеді: бауыр, ауыр, жауын, әуре т. б.
Дауыссыз дыбыстар үш жақты жіктеледі.
Қатаң дауыссыздар: к, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ. Қатаң дауыссыздарда ешбір үн болмайды тек салдырдан тұрады.
Ұяң дауыссыз: б, в, г, ғ, д, ж, з. Ұяң дауыссыздарда үн аз болады да, салдыр басым болады.
Үнді дауыссыздар: р, л, м, н, ң, й, у. Үнді дауыссыздарда үн басым болса да, салдыр аз болып келеді.

• Дәптермен жұмыс.

82 – жаттығу. Жұппен жұмыс:
Өлеңді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерден дауыссыз дыбыстарды тап.

83 – жаттығу. "Кім жылдам?"
Жаңылтпашты оқып шығып, жатқа айт. Жаңылтпашта дауыссыз дыбыстардың қай түрлері кездеседі?

84 – жаттығу. Топпен жұмыс: Ребусты шеш.
Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.

Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.

Деңгейлік тапсырма:
1 – деңгей ҚОЛШАТЫР
2 – деңгей ЖАЛБЫЗ
3 - деңгей САЗ

Қорытынды (5 минут)
• Дыбыс нешеге бөлінеді?
• Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Карточкаларды таратып беру
Рефлексия
Үйге тапсырма


Скачать


zharar.kz