Дәптерге жазғызу

Скачать

Тақырыбы: 8 саны және цифры.
Мақсаты: 1. Білімділік
Оқушыларды 8 саны және цифрымен таныстыру. Ол санды шығарып алу жолдарымен, оның сандар қатарындағы орнымен таныстыру.
2. Дамытушылық: Математикалық түсініктерін, ой өрістерін кеңейту. Өздігімен жұмыс жасауға баулу. 8 цифрын дұрыс, әдемі жазуға бейімдеу.
3. Тәрбиелік.
Ұқыптылыққа, жинақылыққа, тиянақтылыққа баулу.
Көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, сандар, карточкалар.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Пәнаралық байланыс: Өзін - өзі тану, көркем жазу, тіл дамыту, бейнелеу өнері, дүниетану, әліппе.
Әдіс - тәсілі: Ой қозғау стратегиясы, ауызша есептеулер, өздік жұмыс, көрнекілік.
Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Амансың ба Алтын күн,
Амансың ба Жер ана.
Амансың ба достарым,
Сендерді көріп қуанам.
- Балалар, бүгінгі сабағымызға көп қонақтармен бірге тиін келіпті. Тиін туралы не білесіңдер? Әліппеден өткен жаттауды еске түсіріп айтқызу. Ол сендерден саңырауқұлақ жинауға көмектесулеріңді сұрайды. Саңырауқұлақты теру үшін әрбір тапсырманы мұқият, тиянақты орындау қажет.
II. Өткенді пысықтау.
1 - ден 10-ға дейін реттік санау. (тура ж е кері)
Қалталы полотноға цифрлар жазылған карточкалар қойылған:
3; 4; 1; 6; 2; 7; 5;
Не айтуға болады?
Сандарды өсу ретімен орналастырыңдар.
Тапсырманы дұрыс орындап 1 саңырауқұлақ тердіңдер. Себетке салғызу.

III. Жаңа тақырыппен жұмыс.
а) Кіріспе бөлім
- Балалар, сендер сегіз саны және цифры туралы білесіңдер ме?
8-ге дейін тура, 8 - ден кері санату.
Өте жақсы.
- Сандар қатарындағы 8 санының орны қайда? 8 - ді қойғызу.
- Жақсы.
- Сандарға байланысты қандай санамақтар білесіңдер? Кім айтады?
- Бүгін біз сабақта 8 санын шығарып алу жолын және 8 цифрын жазуды үйренеміз.
ә) Негізгі бөлім.
Оқулықпен жұмыс.
Сағатпен жұмыс. Сағат нешені көрсетіп тұр? Сағаттық тілі 8 - де, минуттық тілі 12 - де тұр. Сағат сегіз дегенді білдіреді.
№1 тапсырма. Қиярды қай кезде тұздайды? Сөредегі тұздалған қияр нешеу? Тағы біреуді қосқанда нешеу болды? 8. Сегіздің 1 - еуін алсақ нешеу қалады?
Кесіндінің ұзындығын өлше. 8см.
Тақтаға жазғызу.
8см. 7см.
8см. 6см.
8см. 5см.
Ауызша айтқызу.
8см 4см.
8см. 3см.
8см. 2см.
8см. 1см.
№ 2 тапсырма.
Қияр мен қызанақты салыстыру. 8 7 7 8
8 цифрының жазылу жолын көрсету. Тақтаға 1-2 оқушыны шығару, жазғызу.
Ауада жазғызу.
Дәптерге жазғызу.
Дұрыс отыруларын, әдемі жазуларын қадағалау.
Саңырауқұлақты салғызу.
№3 тапсырма. Өздік жұмыс. (Тақтаға 1 оқушыны шығару.) Басқалары салыстырады, өз жазғандарын оқыту.
Қосу мен азайту өзара кері амалдар.
Саңырауқұлақты ілгізу.
№4 Дәптерге орындату. (Тақтаға 3 оқушыны шығару )
Өрнек пен санды салыстыру үшін не істейміз? Өрнектің мәнін тауып шыққан нәтижені санмен салыстырамыз. Өрнек пен өрнекті салыстыру үшін не істейміз? Өрнектердің мәнін табамыз, нәтижелерін салыстырамыз.
Саңырауқұлақты салғызу.

б) Сергіту сәті.
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатып жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына.
Оңға қарады, солға қарады.
Үлкен тау деп ойлады.
№5 Тақтаға орындату. Үлгі бойынша.
Саңырауқұлақты салу.

в) Дәптермен жұмыс.
1. Өздік жұмыс. 1 тапсырмаға қарайық. Неше дөңгелек бейнеленген? 7
7 - ге тағы 1 дөңгелекті қосса нешеу болады?
Қандай түске бояу керек.
Ауызша сұрау. 7-ге 1-ді қосса неше? 8-ден 1-ді алса неше?
Салыстыруды тексеру.
2. Сандар құрамын қайтала.
а.
3 Ауызша.
Бүгінгі сабақта нені үйрендік?
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау. Тиінге көмек бергендері үшін алғыс айту. Тиіннің сыйлығын үлестіру.


Скачать


zharar.kz