Қасқыр айтады Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл дейді түлкіге

Скачать

Ақтөбе облыстық мамандандырылған
физика - математикалық мектеп - интернаты
математика пәні мұғалімі
Ғұбайдуллина Венера Нұртайқызы

Тақырыбы: Білім тарланы
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін одан әрі тереңдету, шапшаң ойлауға, әр іске логикасы мықты болуға бейімдеу.
Сайыстың барысы:
Армысыздар, қымбатты оқушылар мен ұстаздар! Біздің мектебімізде жаратылыстану пәндер бірлестігінің апталығы аясында, 11 класс оқушыларының арасында өткізіліп отырған Білім тарланы атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер. Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шындайтын, мектебіміздегі білімді жастарды анықтайтын, оқушылардың білімге, соның ішінде математика пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізіліп отыр,
Білімді адам еш нәрседен қорықпайды, мазасызданбайды, әр уақытта да батымды. Ендеше ортада білім сайысына түсетін 11 сынып оқушыларын қошаметтейік.
Ойын барысын қадағалап отыратын, әділ бағасын беретін әділқазы алқасымен таныстырайық:
1.
2.
Шеберлікті, білімді
Сараптап сіздер көріңдер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер дегім келеді
Жүргізуші:
Сіздерді сайысқа шақырамыз,
Есеппен бастарыңызды қатырамыз.
Математикамен ұғындырып,
Аз да болса, білімдеріңізді толтырамыз.

Сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін. Ойын 5 турдан өтеді.
Танымдық деңгей – Сен білесің бе?
(Сұрақтар)
Алгоритмдік деңгей – Формулаларды жалғастыр
Эвристикалық деңгей – Кім жылдам?
(жедел - тест)
Логикалық тапсырмалар деңгейі – әзіл есептер
Шығармашылық деңгей – Жоба қорғау.
І тур
ІІ тур
1) Тікбұрышты үшбұрыштың ауданы оның...
А) табаны мен сәйкес биіктігі көбейтіндісінің жартысына тең;
В) табандарының жарты қосындысы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең;
С) катеттері көбейтіндісінің жартысына тең;
Д) іргелес жатқан екі қабырғасының көбейтіндісіне тең;
Е) табаны мен биіктігінің көбейтіндісіне тең;

2) Пифагор өрнектейтін теорема...
А) тікбұрышты үшбұрыштың бұрыштарын;
В) тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларының арасындағы қатынасты;
С) тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасын;
Д) кез – келген үшбұрыштың қабырғаларын;
Е) тең бүйірлі үшбұрыштың бұрыштарын.

3) y = ax + b функциясының графигі
А) түзу В) шеңбер С) парабола Д) гипербола Е) кубтық парабола

4) y = ax + bx + c квадраттық функцияның анықталу облысы
А) барлық нақты сандар (R) жиыны Д) натурал сандар жиыны
В) рационал сандар (Q) жиыны Е) иррационал сандар жиыны
С) бүтін сандар (Z) жиыны

5) Математикаға координаттар әдісін енгізген француз математигі:
А) Евклид В) Рене Декарт С) Архимед Д) Лобачевский Е) Фалес

ІІІ тур
4 - тур
(әзіл есеп) “ Түлкі мен қасқыр”.
Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т. с. с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?
Қасқыр - 100
Ж: Ең көп балықты түлкі алды - 110, 10 балыққа артық.
(әзіл есеп) Қу түлкі
Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т. с. с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған.
Ж: 127

5 - тур
Жоба қорғау
1. Пирамида табаны – қабырғалары 6см және 8см болатын тік төртбұрыш. Пирамида биіктігі 12см. Барлық бүйір қырлары тең. Бүйір қырларын табыңыз.
Жауабы: 13см

1. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 41 см - ге, ал оның ауданы 180 см – ге тең. Осы үшбұрыштың катеттерін табыңыз.
Жауабы: 9см және 40 см
Құрмететті ұстар мен оқушылар! Осымен сайысымыз өз мәресіне жетіп қалды келесі кезекте сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
Жеңімпаздар марапатталады.

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz