Пәндер жиыны

Скачать

Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану тобында өткен Білім биржасы кеші.
Мақсаты: Пәнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылық тұрғыда тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сыныптан тыс
Көрнекілігі: видеопроектр, компьютер, презентация, сыйлықтар.

1 - жүргізуші:
Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған информатиканы сүюші қауым!
Бүгінгі біздің Білім биржасы атты кешімізге қош келдіңіздер!
Ойынымыздың шарттарымен таныстырайық.
1 - тур: Пәндер жиыны. Сіздердің назарларыңызға 6 оқу пәні қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды.
2 - тур. Эрудиттер сайысы. Сұрақ - жауап.

3 - тур. Таңдау - табыс. Әрбір топ таңдаған пән бойынша берілген тапсырманы орындайды.
4 - тур. Сыйлықтар аукционы. Топтар жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.
Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар. ( Эксперт төрағасы, мүшелерімен таныс болыңыздар)
Телефонға жүгіреміз,
Теледидарға ылғи үңілеміз,
Бұл заманда адамдардың
Интернетпен ғұмыры егіз.

2 - жүргізуші:
Кешімізге арнайы дайындалып келген лицейіміздің белсенді әншісі Аманқожа Бақытты қарсы алыңыздар.
Ән: Жан гүлім
1- жүргізуші: Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Сайыскерлерді шақырайық ортағы.

2- жүргізуші: Информатика еліне
Батыл қадам жасайық,
Осылайша шабытпен,
Ойынымызды бастайық!

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,
Егіндібұлақ ауылындағы кәсіптік мектеп мұғалімі
Информатика пәнінің мұғалімі Ақшабақова Кульзипа



Скачать


zharar.kz