Адамды құрметтей білудің белгілері адамға физикалық, моральдық зиян келтірмеу

Скачать

Адамды құрметтей білу
Адамды құрметтей білу бұл – адамды өзіңе жақын тарту, жағымды қарым-қатынас сондай-ақ оның бойындағы адамгершілік құндылықтарға бас ию. Құрметтеудің екі жағы бар. Егер сізді құрмет тұтсын десеңіз, онда өзіңіз басқаларды сыйлай білуге тиіссіз. Сенімсіз, әділетсіз жанды ешкім жақсы көрмейді. Сенім артуға болатын, уәдесіне берік адамды бәрі құрмет тұтады.
Бұрынғы өткен даналар мәлімдегендей: адамның ұлылығын әлеуметтік жағдайы өзінен төмен тұрған адамдармен байланысынан байқауға болады деген. Егер ол өзінен төмен жандарға құрмет пен сүйіспеншілікпен қарайтын болса, бұл - оның қадір - қасиеті.

Адамды құрметтей білудің белгілері адамға физикалық, моральдық зиян келтірмеу. Адамға ізет көрсету адамның жас мөлшері, материалдық жағдайы, қандай дін ұстанатыны, жынысына байланысты емес.

Егер сізді өзгелер қошеметтеп, құрмет тұтсын десеңіз сіз соған лайықты болыңыз. Мысалы, адамды жағымсыз мінез - құлқыңызбен оңай ренжітіп алуыңыз мүмкін. Бұл жерде де жоғары да аталғандай сізді де біреу аямай өкпелетіп немесе жәбір көрсетуі мүмкін. Өйткені адамның істегені әрбір іс - әрекеті алдына келмей қоймайды. Ал егер айналаңызға сүйіспеншілік пен қайырымдылықпен қарайтын болсаңыз, есесіне одан да көп махаббат пен қуанышқа кенелесіз.

Өзгелерге құрметпен қаруды үйрену үшін, алдымен әр адамның бойынан тек жақсы жағын көре білу керек.
Біз әрдайым адамдардың көңіліне қарап, мұқтаждық туындаған жағдайда көмек қолын созумыз қажет. Адам жанын түсінудің ең маңызды тәсілі, оны мұқият тыңдай білу. Егер көңілі түсіп тұрған жанды көрсеңіз, сыйластық танытып, көңіл аударып, мұқият құлақ асып тыңдаңыз, мұндай жанның қасында ол адам өз қадірін түсіне бастайды. Жай тыңдап қоймай, мұқият тыңдау қажет. Бұл адамның қызығушылығын туғызып, туындаған мәселенің ортақ шешімін табуға оң әсерін тигізеді. Егер ол адам сіздің шын тілеулес екеніңізді сезінетін болса, ол да сізге алғысын білдіріп, құрмет көрсететін болады.

Адамдарға деген құрмет өзіңе деген құрмет!

Дайындаған: Асыл


Скачать


zharar.kz