Сабақтың тақырыбы: Мақал - мәтелдер
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Мақал - мәтелдер туралы түсіндіру, мағыналарын ашу, ұғындыру.
дамытушылық: Сауатты жазуға, ана тілін сүюге, құрметтеуге, сөз арасында мақалдарды орынды қолдана білуге үйрету.
тәрбиелік: Ана тіліне қызығушылығын арттыру. Ұжымдық жұмыс жасауда белсенділіктерін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ұжымдық жұмыс
Сабақтың барысы:
А) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақ процесіне дайындау
Б) Үй тапсырмасын тексеру
Тұрақты тіркестер дегеніміз не?
Тұрақты тіркестердің қандай баламалары болады?
В) Жаңа сабақ
Тұрақты тіркестер сияқты мақал - мәтелдер де - әбден қалыптасқан, орныққан сөздер тобы.
Мақал - тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды.
Мысалы: Кең болсаң, кем болмайсың.
Мәтелдерде ой - пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады.
Мәтелдердің мақалдан айырмашылығы мағынасы ашық болмай, ишарамен, тұспалмен айтылады. Мысалы: Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді.
Г) Тапсырма
Мына тақырыптар бойынша өздері білетін мақал - мәтелдерді тақтаға шығып жазу.
Мысалы: 1. Туған жер, Отан туралы.
2. Еңбек туралы.
3. Өнер - білім туралы.
4. Достық туралы.
Жалғасын тап ойыны.
Екі топқа бөліп, мақал - мәтелдердің екінші сыңарларын жасыратын ойын ойнату.
Бірінші топ - жоғалтушы, екінші топ - табушы.
Батыр туса ел ырысы,
Жаңбыр жауса... ырысы.
Қанағат... тойдырады.
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде... бол.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі....
Жаттығулармен жұмыс
124 - жаттығу. Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек теріп жазыңдар.
130 - жаттығу. Ең қысқа мақалдарды тауып жазыңдар.
Д) Бекіту
Мақал дегеніміз не?
Мәтел дегеніміз не?
Мақал мен мәтелдің айырмашылығы қандай?
Суреттерде берілген заттардың аты кездесетін мақал - мәтелдер жазыңдар.
Е) Үйге тапсырма
127 - жаттығу. Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек көшіріп жазыңдар.
Мақал мен мәтелдің емлесін оқып жаттау
Ж) Бағалау