Сіріңкенің мұндай тентек екенін бұрын білмеппін

Скачать

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы
Баутин ауылы, Ақбота балабақшасының тәрбиешісі
Мұқашева Айман Қранқызы

Сабақтың тақырыбы: Отпен ойнама
Сабақтың мақсаты: Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру, өз өмірлері үшін жауапты екенін ұғындыру. Өрт сөндірушілердің қалай жұмыс жасайтындарын көрсете отырып, осы мамандыққа деген құрмет сезімдерін күшейту.

Көрнекіліктер: Өрт сөндіру құралдары, суреттер

Тәрбиеші: От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От өмірдің сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Біздің ата - бабаларымыз шөбі көп жерді, отты жер деп бекер айтпаған. Үйді қазақ халқы отпен теңестіріп отырған. Тұратын үйін -
отау, үй иесін - отағасы деп атаған.

Сахнада: Үй. Көңілді музыка ырғағымен Сайқымазақ үйдің қасына келеді.

Сайқымазақ: Көңілім түсіп тұрғаны. Не бүлдірсем екен(қолындағы сөмкесін сілкілейді де, сіріңкенің дауысын құлағы шалып қалады) О, о! Менің сөмкемде сіріңке бар екен ғой, қалай байқамағанмын? (сіріңкені бір - бірден жаға бастайды) Осы кезде шуды естіп қоян үйден шығады.

Қоян: Ой, сайқымазақ, сен мұнда не істеп жүрсің?

Сайқымазақ: Ой, қорқытып жібердің ғой. Не болды сонша айқайлап. Мен бар болғаны сіріңкені жағып ойнадым ғой. Ал сен болсаң мен үлкен өрт шығарғандай айқалайсың?

Қоян: Қайдан білесің, мен сені тоқтатпағанда, бұл ойының үлкен өртке ұласар ма еді? "Ойыннан от шығар"деген мақалды естімеген бе едің?

Сайқымазақ: Қойшы сен де, бір сіріңкеден қандай өрт шығар дейсің?

Қоян:(Сіріңке қорабын қолына ұстап)
Балалар - ау, балалар, сіріңкеге қараңдар!
Өзі кішкентай болса да,
Бойында алып күші бар.
Сіріңкемен ойнасақ,
Абайсызда өрт шығар,
Соны есте сақтаңдар!

Сайқымазақ: О, мен енді түсіндім. Сіріңкенің мұндай тентек екенін бұрын білмеппін.

Тәрбиеші:- Сәлеметсіздер ме, сайқымазақ, қоян! Сіріңкемен ойнауға болмайды. Қоян дұрыс айтады, біздер өрт қауіпсіздігі ережелерімізді жақсы білуіміз керек. Олай болса, сайқымазақ, қоян, балалар!

Біздің бүгінгі қонағымыз: Түпқараған ауданы төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы, өзіміздің ата - анамыз Қалжанов Абзал Тарғынұлы. Сіздерді өрт қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, ақыл кеңесін береді. Сондықтан мұқият тыңдаймыз.

(Келген қонақ, өрт қауіпсіздігі жайлы мағлұмат береді)

Балалар сіздің ақыл кеңесіңізден нәтиже береді деген сенімдеміз. Келіп балалармен тамаша ой бөліскеніңізге көп - көп рахмет айтамыз. Келген қонағымызға балалар сау болыңыз айтайық!


Скачать


zharar.kz