Спорттық аяқкиім

Скачать

Жарамдылық мерзіміне көп адам назар салмайтын 13 зат.

Күнделікті тұрмыста пайдаланатын кейбір құралдардың жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін байқамай да қалауыңыз мүмкін, сондай құралдардың бірнешеуін атап өтуді жөн кірдік.

1. Зарарсыздандырғыш құрал. Әр үйде пайдаланылатын ағартқыш құралдың арнайы жарамдылық мерзімі бар. Бұл зарарсыздандырғыш құралдың жарамдылық мерзімі 3 ай ғана, одан кейін қолдану зиянды болып саналады.
2. Желілік сүзгілер (сетевые фильтры), тұрақтандырғыш (стабилизаторы), ұзартқыш (удлинитель). Бұл құралдар арнайы белгіленген тоқ мөлшеріне арналған. Егер тоқ мөлшері белгіленген нормадан асып кеткен жағдайда, күйіп, қарайып жарамсыз болып қалуы мүмкін.
3. Күннен қорғайтын иісмай (крем). Мұндай иісмайдың сақтау мерзімі 2 жыл, жарамдылық мерзімі өткеннен соң пайдасы болмайды және аллергия туғызуы мүмкін.
4. Сүрме (тушь). Косметикалық кірпікке арналған сүрменің сақталу мерзімі екі ай ғана. Мерзімі өткеннен соң пайдалану көзге зиянды, көз қарығуы, тітіркену болуы мүмкін.
5. Батарейка. Олардың сақталу мерзімі қорабында жазылады, алайда оны пайдаланған күннен емес шығарылған күнінен бастап есептеу қажет.
6. Ысқыш пен жөке (губки и мочалки). Мұндай құралдардың жарамдылық мерзімі екі апта ғана, одан көп уақыт пайдалану түрлі бактериялардың тууына негіз болады.
7. Өрт хабарландырғыш датчиктері. Қуатын уақытылы ауыстырып тұрған күннің өзінде олардың жарамдылық мерзімі 10 жыл.
8. Сутек тотығы. Бұл құралды екі ай қолдануға болады. Ашылмаған болса, 1 жыл сақтауға болады.
9. Велосипед жүргізу үшін басқа киетін дулыға (Велосипедный шлем). Ауа температурасының өзгеру бұл құралға кері әсер етеді сондықтан екі жыл сақтауға болады. Егер бас киімнің жарылып, сызат түскенін байқасаңыз оны ауыстыру қажет себебі жарақат алудан қорғай алмайтын болады.
10. Спирттің ішімдіктер. Спирттік ішімдіктерді ұзақ уақыт сақтағанда дәмі бұзылады және иісі де жағымсыз бола бастайды.
Бұл қызыл шарапқа қатысты емес.
11. Картошка. Егер картоптың түсі жасыл болса зиянды. Кейде басқа көкөністермен қатар тұруынан да бұзылуы мүмкін, денсаулыққа зиянды.
12. Спорттық аяқкиім. Спорттық аяқкиіммен 400 - 500 ки жүргеннен соң амортизациялағыш қасиеті жойылуы әсерінен буынға көп күш түседі. Спорттық аяқкиімді пайдалану мерзімі жарлы жыл болып есептеледі.
13. Ұстара. Бір реттің ұстараны бір аптадан артық пайдалануға болмайды.


Скачать


zharar.kz