Жаңа ақпараттық технологияларды сабақ үрдісіне қолдану
Сабақтың тақырыбы: Молекула – кинетикалық теорияның негіздері тарауын қорытындылау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа ақпараттық технологияларды сабақ үрдісіне қолдана отырып оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту және физикалық тілде сөйлетуге, физикалық есептерді шешуге, оларды біліми белсенділікке, техникалық шеберлік пен ұқыптылыққа баулу.
Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеуге дағдысын қалыптастыра отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту, компьютерді және басқа ақпараттық құралдарды пайдалана отырып, мәселелерді шеше білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың қазіргі ақпараттық құралдарға деген қызығушылықтарын арттыра отырып, еңбекке тәрбиелеу, әр – түрлі есептерді шешуде жоспар құра білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Интеграциялық (кіріктірілген) сабақ
Сабақ типі: Қорытындылау сабағы
Сабақ көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, кодоскоп, NOVA
(Activstudio, activusb, activserial), қашықтан тестілеу құрылғысы, дидактикалық материалдар, тапсырмалар, электрондық оқулық, Power Point презентациясы.