Сабақтың тақырыбы: К дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. К дыбысымен таныстыру. К дыбысына тіл ұстарта отырып сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасату.
Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды К дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету.
Таза қазақ тілінде сөйлеуге, байланыстырып сөйлеуге, түзу отыруға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, көрнекілік, сұрақ - жауап.
Көрнекіліктері: к дыбысының баспа және жазбаша түрі, текшелер, кеспе әріптер.
Сабақ барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ Өткен сабақты қайталау.
- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- Қ дауыссыз ба, әлде дауыссыз ба?
- Қ дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Қ дыбысынан келетін қандай сөздер білесіңдер?
Сиқырлы буындар.
Қа - (з, лам, йшы, лақ, )
Қу- (ат, ыршақ, ырмаш, ыс)
Қо- (ға, ра, раз, с, йма, ла)
Өткен сабақты қорытындылау.
Баспалдақ ойыны арқылы пысықтау.
ІІІ Жаңа сабақ.
Көрмеде бар,
Өрмеде жоқ.
Әкеде бар,
Әжеде жоқ. (К)
Сабы таяқ,
Басы қалақ.
Ұшын жүрер
Жерге қарап. (Күрек)
Жұп - жұмыр жоны бар,
Инеден тоны бар,
Түйреген, түрпі..
Бұл не? (Кірпі)
- Жұмбақ шешуі қандай дыбыстан басталып тұр?
- К дауыссыз ба, әлде дауысты ма?
- Онда К дыбысын қандай текшемен белгілейміз?
- Осы кірпі сөзін кім әріп кассасын құрап береді?
- Буынға бөлу. Нешінші буында тұр?
Суретпен жұмыс.
Суреттерді көрсете отырып, К дыбысы бар сөздерді айтқызу. Буынға бөлу. Буын санын айту.
Оқулықпен жұмыс.
а) мұғалімнің оқуы.
ә) әр сөздің мағынасын ашып түсіндіру.
б) Тізбектей оқу.
Сергіту сәті.
Күн бұлттанды,
Күн күркіреді,
Жаңбыр жауды.
Жаңбыр басылды.
Күн шайдай ашылды.
Дәптермен жұмыс.
Тақтаға жазу.
Ауада жазу.
Дәптермен жазу.
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Біп-биік боп өседі.
Сөздік диктант.
Қуат, қауын, қуан, қора, қала, тоқ, ноқта, қол, жарыс, қоныс, аңдар.
Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау.
Сиқырлы әріп.
Күй
Кілт
Көлік
Кептер
Көбелек
Көктем
Көжек
Кеме
Күн
Оқулықпен жұмыс.
Мұғалімнің оқуы.
Әр сөздің мағынасын ашу.
Тізбектей оқу.
Буын ұйқас.
Кі - кі - кі Ек - ек - ек
Бұлаңдайды түлкі Гүлге қонды көбелек
Ек - ек - ек
Жер қазатын күрек.
Дәптермен жұмыс.
Мұғалімнің жазуы.
Ауада жазу.
Дәптерге жазу.
Сиқырлы буындар.
Күн
Күй
Кеш
Көл
Күш
Көк
Кө (пір, л, п, з, ше, к)
Кі (лт, лем, р, тап, шкентай)
Қорытындылау.
Бүгінгі сабақты сұрақтар қою арқылы қорытындылау.
Мадақтау.