Жеті ата. Сабақтың тақырыбы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Жеті ата. Сөйлем.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың сөйлем туралы ұғымдарын кеңейтуге және оның тыныс белгілері жайында ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, өлеңді мәнерлеп әрі түсініп оқуға төселдіру;
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін, сөздік қорларын дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды инабаттылыққа, отансүйгіштікке, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік пен туыстық қарым - қатынасқа, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: отбасы бейнеленген сюжетті сурет, тыныс белгілері бейнеленген үйшіктердің суреті, карточкалар.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, мақал - мәтелдер.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері
Бірлік болмай, тірлік болмас,-
Деген сөзді есте сақтап,
Татулықты әркез сақтап,
Білімге құштар болайық.

2. Үй тапсырмасын Шелекке балық жинау ойынын ойнату арқылы сұрау.

3. Жаңа сабақ: Оқушылар біздің бүгінгі сабағымыз ерекше өткелі отыр. Біз Ата - бабаларымыздың өмір сүрген кезіндегі киіз үйден, қазіргі біздің өміріміздегі тұрғын үйге кедергілерден өтіп жетуіміз керек. Кедергілердегі жасырынған тапсырмаларды орындауға дайынсыздар ма? Ендеше саяхат сабағымызды бастамас бұрын үш топқа І - нүкте, ІІ - сұрақ белгісі, ІІІ - леп белгісі болып бөлініп алайық. Ал енді саяхат сабағымызды бастайық.
І кедергі: Таусоғар бұрынғы кездегі тауды қопарған мықты адам, ал қазіргі кезде экскаватор көлігімен алмасқан. Сөзжұмбақ шешу.

ІІ кедергі: Желаяқ бұрынғы кездегі тез жүгірген адам, қазіргі заманда көліктер. Жеті ата өлеңін өзім мәнерлеп оқып беремін. Оқушыларға тізбектей оқытамын. 3 оқушыдан сұрақ жауап аламын.
- Адамның өз жұртына кімдер жатады?
- Жеті атаға кімдер жатады?
ІІІ кедергі: Саққұлақ бұрынғы замандағы барлығын жылдам естіп, біліп отырған адам, қазіргі кезде телефон. Ойын: Керемет 7 сан
ІV кедергі: Ұшатын кілем қазіргі кезде ұшақпен алмасқан.

Сергіту сәті: Әлемнің жеті кереметі видео көру.
V кедергі: Хат тасушы ақ кептер, қазіргі кездегі поштамен алмасқан.
Дәптермен жұмыс: 141 - жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу.
Нүкте не үшін керек?
VІ кедергі: Бұрынғы кездегі балгерлер, қазіргі кезде дәрігер. Ережені түсіндіріп айту.
VІІ кедергі: Тақтамен жұмыс: Ойын: Кел ойнайық! Адасқан сөйлемдерді өз үйшіктеріне орналастыру керек.
Осымен оқушылар біздің саяхат сабағымыз да соңына жетті. Біз сабақ барысында ата - бабамыздың көптен армандап келген тұрғын үйіне де жеттік.
4. Сабақты қорытындылау.
5. Үйге тапсырма: Жеті ата тақырыбын мәнерлеп оқып келу.


Скачать


zharar.kz