Сабақтың тақырыбы: Жылы жүрек - жақсы тілек
Сыныбы: 3
Сабақтың мақсаты: Балалардың мейірімділік , қайырымдылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: Білімдік: жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: қайырымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
Көрнекіліктер: Сабақтың дәйек сөзі жазылған плакат, жүрекшелер, тарапта парақтар.
Пән аралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.
Сабақтың типі: Жана білімді хабарлау сабағы.
Сабақтың түрі: Блок сабағы.
Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі:
• Сәлемдесу, танысу;
• Қызығушылықты ояту;
ІІ. Негізгі бөлім:
• Үй тапсырмасын тексеру;
• Пікірлесу сұрақтары;
• Проблемалық сұрақ;
• Жана ақпарат;
• Ойын - жаттығу;
• Мәтінмен жұмыс;
• Сабақтың дәйек сөзі;
• Тапсырма;
• Дәптермен жұмыс;
• Рефлексия;
• Қортынды.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл - күйлерің қалай?
Бүгінгі өзін - өзі тану сабағын сендермен мен жүргіземін. Сіздермен тағыда қайта жүздескеніме қуаныштымын.
Қызығушылықты ояту: Бүгін сабағымызды бастамас бұрын Ө. Ақылбеков тың Өзіңді тану өлеңін бірлесе айтайық.
Өзіңді тану
Жақсы болу - өзіңнен,
Жаман болу - өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын? деп ойла.
Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің - ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар
Өзіңді тану пайдасы.
- Балалар, ең алдымен бірінші қадамды өзімізден бастауымыз керек. Өзіміз қандай болсақ, өмірде бізге сондай болып көрінеді.
Үй тапсырмасын тексеру: Ал, енді балалар үйге не берілді соны анықтап алайық. Үй тапсырмасын барлықтарың орындап келді деп ойлаймын. Сабақ соңынан дәптерлеріңді жинап беріңдер, мен үй тапсырмасын тексеремін.
Пікірлесу сұрақтары: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - Жылы жүрек - жақсы тілек деп аталады. Осы тақырыпқа байланысты Адамдар қайырымдылығы туралы жүректен шыққан жылы, жақсы тілектерін білдіру жайы өздеріңмен пікірлессем деймін. Өздеріңе қойылған сұрақтарға жауап беріп, белсене қатысып отырыңдар.