8 саны мен цифры (слайд)
Біздің Қонжық есеп шығаруды өте жақсы көреді, бірақ ол екі дөңгелекті санды танымайды.
- Балалар, көмектесейік!!!
Бүгін математика сабағында ол 8 деген сан мен цифрды үйренеді
Сандарды өсу ретімен санайық
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10
Ал енді кему ретімен санайық
10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0
Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз.
қонбады оның нешеуі?
Қане, кім тез шешеді?
Бес асықтың екеуін,
Досым сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолымда қалады?
Қонжық көлге келеді,
Қоянға кеп ереді.
Қанша үйрек жүзеді,
Соны санап шешеді.
Қане, бірге санайық,
Оларға көмек жасайық????
Кіші жәндік еңбекші
Көріп қапты өрмекші.
Аяқтарын санаса,
Сегіз аяқты өрнекші
Санай алмай қиналдым,
Мұның аяқтарын.
Сендер санап көрсендерш,
Әйтпесе мен жалықтым
Енді мынандай жұмбақ - есеп:
Себетте болды 3 алма
Айдар қосты 5 алма.
Ойланып, кәне, көрейік -
Себетте болды қанша алма?
Кәне, балалар, қарайық, мына сиқырлы сан неге ұқсайды екен?
Екі сақинаны қоссақ,
Қыстағы қар адамға,
Көзілдірікке және....
Екі дөңгелек егіз
Қосылса сан шығады,
Қандай???...
Бұл 8 санының жазылуын қарайық та ауада жазып көрейік
Қонжыққа қажетті нүктелерді қоюға көмектес
Ал енді есептер шығарайық.
Қанша болады екен????
Есептер шығару
3 + 5 =
4 + 4 =
6 + 2 =
1 + 7 =
8 + 0 =
Инелік гүлде де, жапырақта да отырған жоқ.
Шегіртке саңырауқұлақта да, гүлде де отырған жоқ. Ал қанқыз жапырақта емес,саңырауқұлақта да отырған жоқ. Сонда не қайда отыр????