Өмір
Өмір деген кейде шаттық, кейде мұң,
Сан сұрақтар мазалайды кейде мың
Тек сынақтан тұратындай көрінеді,
Қатал болып кетеді де кейде тым.
Шындығында мен де дел-сал күйдемін,
Бар жазығым - сені шексіз сүйгенім.
Сүйе тұра бас тарттым мен мәңгіге,
Түсінбеймін мен не ғылған пендемін?
Өкінемін тағдырыма сынаған,
Сыр білдірмей, үнсіз ғана жылағам...
Қанша жерден дел-сал күйде болғанмен,
Тіршілігін жасайды ғой тірі адам.
Мақсатым - оқу, жетістікке жету тек,
Бас тарттым сенен "сүймеймін мен сені"- деп
Айырбастап кеттім сені бәріне
Болашақта шын бақытты болшы тек.
Жаным, саған тілеймін мен бақытты
"Сол сәтті" ойлап бос өткізбе уақытты
Сезіміңді мен бағалай алмадым.
Махаббаттың сезінтіп ең бал дәмін..