Зауыттары қаптағанзәулім үйлі көп қалам

Скачать

Фариза Оңғарсынова өлеңі

Құрыш болат білекпен
шөл далаға гүл еккен,
Қалаларды самсатып,
жапандарды түлеткен
ағаларым көп мұнда.
Кешегі елсіз жатқан маң
аты аңыз боп жатталған,
жер астының байлығын
теңіз қылып ақтарған
апайларым көп мұнда.
Зауыттары қаптаған
зәулім үйлі көп қалам!
Жұрт ержүрек жандардың
мекені деп мақтаған
туған жерім бұл менің!

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы
Опорный орта мектебі 2 сынып оқушы Маташова Ақжібек
Сынып жетекшісі Шарова Сауле

Фариза Оңғарсынованың басқа өлеңдерін қарау


Скачать


zharar.kz