Жанға дауа самалы, Жанға дауа ауасы

Скачать

Өлеңдер. Қадыр Мырзалиев
БАЯН АУЛА
Бабамыздың қамалы –
Баян аула — тау асыл.
Жанға дауа самалы,
Жанға дауа ауасы.
Мың көрсең де ажарын,
Өте алмайсың қарамай.
Қара тасты қақ жарып
Қаптап өскен қарағай.
Желіндері сыздаған
Бие бұлттар бір табын.
Душқа түсіп мұздаған
Дір - дір етіп тұр талы.
Жаратылыс қожасы
Жасапты оны мықты ғып.
Жасыбайы көк - жасыл
Тұп тұнық - ау, тұп - тұнық!
Тамашалап
Бір шеткі
Тасқа шығып қарашы:
Өзіңе өзің, ескерткіш
Боласың да қаласың!
Жантайып сол жерде әсем
Жағымды мен таяндым.
Иланбаймын
Бар десең
Бәсекесі Баянның!
Бұлттың өзі көгенде —
Бұл бір ғажап мекен ғой.
Әдемілік деген де
бола береді екен ғой!
Қадыр Мырза Әли өлеңдерін қарау


Скачать


zharar.kz