Ересек топтарға арналған ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: Қатынас
Білім бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Егіншілік еңбегі
Мақсаты:Балаларды егіншілер еңбегімен таныстыру. Диқаншылардың еңбегі жайлы әңгімелеу. Еңбек құдіретін түсіндіру.
Білімділігі: Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейтіп күз мезгілінің ерекшелігін бақылап, өлеңді жаттау.
Дамытушылығы: Балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру.
Тәрбиелілігі: Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, тиым сөздерді естен шығармауға, мәдениеттілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Күз мезгілінің суреті, егіс алқабының суреті, ыдысқа салынған нан, тәтті нан, ұн, бидай.
Ұйымдастырушы - қозғаушы қызмет:
Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып, келген қонақтармен сәлемдесіп, бір - біріне деген жылы лебіздерін білдірту.
Армысың алтын күн,
Армысың асыл жер,
Армысың көк аспан,
Армысың жан досым,
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым бос.
Тәрбиеші:
- Балалар, мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр. Сендер мұқият тыңдап, дұрыс жауабын тауып көріңдерші?
Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Балаларым айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар:
- Күзде.
Тәрбиеші:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі.
Тәрбиеші:
- Күзде қандай табиғат құбылыстары болады?
Бала: Күн суытады, жел тұрады, жаңбыр жауады.
Тәрбиеші:
- Күз мезгілінде неше ай бар?
Бала:Күз мезгілінде 3 ай бар. Қыркүйек, қазан, қараша айлары.
Тәрбиеші: Күз мезгіліне байланысты қандай өлең - шумақтар білесіңдер?
1 - бала:
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы бұл егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
2 - бала:
Жайдарлы күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ел дала,
Дариядай шалқар күз!
Ұйымдастырушы - ізденушілік қызмет:
Тәрбиеші:
- Бүгін біздің өтетін тақырыбымыз Егіншілер еңбегі . Біздің мақсатымыз егіншілік еңбегімен танысу.
Ендеше біз бүгін егістік алқабына саяхат жасаймыз. Диқаншы атаның еңбегімен жақсылап танысамыз. Сергіту сәтін жасап, көңілімізді көтеріп, диқаншы атаның егістік алқабына барайықшы.
Сергіту сәті:
Жел улейді у - у - у - у,
Құйын келіп билейді зу - зу - зу.
Қатты - қатты жел соқты гу - гу - гу,
Жапырақтар қол соқты ду - ду - ду.
Тәрбиеші:
- Міне, егістік алқабына да келіп жеттік.
- Мынау егістік алқабы. Мұнда диқаншылар егін егеді. Егін егетін адамды - диқаншы деп атаймыз. Міне диқаншы ата да жүр екен.
- Саламатсыз ба, диқаншы ата?
- Диқаншы ата, балалар сіздің еңбегіңізбен танысу үшін келді. Егістегі атқаратын қызметіңізді балаларға таныстырып, көрсетіп жіберіңізші?
Диқаншы ата:
- Диқанның еңбегі - ауыр еңбек. Мен ерте көктемде жерді жыртып, бидайдың тұқымын себемін. Жаз бойы сепкен бидай тұқымын күтіп - баптаймын. Құстардан, құрт - құмырсқалардан қорғап жүремін. Бидай алқабы суғарылмайды. Ол тек жаңбыр суымен өседі. Міне қараңдаршы бидай алқабы. Үлкен еңбек етудің арқасында, осындай сары алтындай сары бидай күзде пісіп жетіледі.
Бидай: